Тіршіліктің тыныстары,
Махаббаттың ұлыстары,
Болашақтың ту ұстары,
Ер жігіттің ырыстары,
Арулар!
Сендер аман болыңдар!
Достар менен туыс десіп,
Шаңырақты биіктетіп,
Жанұяны ырысты етіп,
Сәбиіңді иіскетіп,
Арулар!
Бұл өмірден тек бақытты табыңдар!
Ауылыңа шырай беріп,
Ата-ананы сыйлай келіп,
Ар-иманды шындай көріп,
Қиындыққа сынбай берік
Арулар!
Тірліктің жұлдызы боп жаныңдар!
Ақылы мен сәнін көріп,
Жүректерге жалын беріп,
Сүйгендерге нәрін беріп,
Күйгендерге бәрін беріп,
Арулар!
Махаббаттың шуағы боп калыңдар!
Арулар!
Сендер аман,
Сендер аман болыңдар!
|