Кеше осыдан он жыл бұрын жазған күнделігімді қарап шықтым.О,Құдайым!
Егер сол күнделігім болмаса,ондай кездер менде болмағандай,есімнен шығып та кеткен. Тәуба ма бір келгендей болдым.Құдай сақтасын, қатты өзгергенім рас екен.
Дс. Бұл оқулықты ашуға да ерініп отырмын... Мынадай бір ой келіп отыр: "басымның ішінде дискжетегі, ал оқулық компакт-диск болса қандай жақсы болар еді. Сол компакт-дискіні басымның ішіне қосып, клон-көшірме жасап қоятын..." Сұмдық қой!
Сс. Кеше маған тамақтан соң ас қайырып бата бересің деген... Мен болсам, жақсы тілектердің бәрін айтып-айтып келіп, бет сипағанда "Аумин!" деудің орынан "Ентер!" деп жіберіппін. Масқара-ай!
Ср. Кеше кішкене інім компьютерде отырып: "Аға, мұнда - "Күн біздің Шығысымыздан шығып, Батысқа барып батады" - деп жазып қойыпты." демесі бар ма. "Енді қозғама ойбай, солай тұра берсін!" деп жанұшыра айқайлаппын. Масқара-ай!
Бб. Бүгін таңертең жұмысқа баруға еріндім. Өзімді копи жасап, бір көшірмемді жұмысқа жіберіп, өзім төсекте жата бергім келді. Керемет! Сосын әзер тұрып терезеге қарап едім: Ауа райы жақсы, тіпті тамаша екен: "Жұмыс үстеліндегі неткен әдемі Обой еді!..
Жм. Таңертең тұрып, жұмысқа асыққанда Шұлығымды таба алмай әуреге түстім. Сосын компьютерді қосып, Іздеуге (Поиск) - "Шұлық" деп жазып іздеп көріп едім - онда да табылмады... Өкінішті!
Сн. Кеше жұмыста бір пәпке қағазды ұстап келе жатып, еденге шашып алдым. Оның бәрін қайтадан реттеп, жинап алу тым қиынға түсті, сонда қолыма қайтадан бәрі жиналып, бүлінгеннің бәрі орны-орнына келіп қалар деп, бөлменің ішінен шашылған қағаздарға "Отмена" беретін панелді іздеп бірталай жүрдім, алайда табылмады... Ғажап!
Жк. Бүгін бір қызға бардым. Сосын екеуіміз ресторанда отырғанда, бұл қыздың басын айналдырып жіберу үшін қандай Вирус жазуға болады екен, өзіме қаратып алу үшін бұл Қызға қандай стандартты Драйвер сай келеді екен деп ойлаумен отырдым. Сұмдық!
* Мен кейде ойға шомып кетемін: яғни, "зависать етіп" қаламын... Ондайда мені саусақпен түртіп қалып, қайта жүктелуге - "перезагрузкаға" жіберу керек. Сонда шошып кетіп, қайтадан қалпыма келемін...
Мынау байтақ дүние, маған да бір қарашы,
Танимысың сен мені, мен - қазақтың баласы!
Тіркелген күні: 2008-04-29 Жазулар саны: 19 Мекені: Қарағанды
Жазған уақыты:
2008-05-19 19:48:37
Мен де күнделік жазуға келгенде алдыма жан салмаймын. Ешкімге айтылмайтын небір асыл сырларым осы кітапшаның ішінде сақталып жатыр. Әсіресе өмірге қатты өкінген кезімде күнделіктен артық маған дос болмайды. Жазу арқылы рақаттанып жеңілденіп қаламын.
Тіркелген күні: 2006-03-06 Жазулар саны: 925 Мекені: Атырау
Жазған уақыты:
2008-06-24 13:50:56
24-маусым, 2008
Бүгін ғажап түс көрдім, қайдан кіргенін қайдам жатын бөлмеге бір маса кіріп кетіп түнімен ұйықтатпады, антұрған. Таңға таман көз ілініп кетіпті, марқұм Ленин маған сабақ беріп, үгіттеп жатыр екен: –Сендер қазақтар төрт санын киелі санайсыңдар,-дейді ол. Менде төрт санына бағынып төрт бағытты негіз ғып алдым. Кәпірлердің кресінің төрт бағытқа қарайтыны сондықтан, сендерде де «төрт құбылам түгел болсын» деген сөз бар.
- Жоқ. Деймін мен. Сенің ішіңе сайтан кірген, қанша үгіттесең де мүміндерді кәпірге айналдыра алмайсың. Сендер дүниені төрт бағытпен танысаң, біздер жеті бағытпен танимыз. Жеті саны біздер үшін киелі, біздерде сен айтқандай төрт құбыламен бірге, үш шұғыла бар. Төрт құбыламыз батыс-шығыс, оңтүстік-солтүстік болса, үш шұғыламыз аспан кеңістігінен, күн шұғыласы, ай шұғыласы, поляр-яғни жұлдыздар шұғыласы. Барлығы жеті бағыт болады... Осы кезде кеудеме аспан кеңістігінен керемет шұғыла құйылып жатыр екен, ұйқыдан шалқамнан жатып ояндым. Бойыма күндегіден бөлек күш-қуат біткендей, жаным жадырап өзіммен-өзім жымидым. Айтпақшы бүгін қызымның туған күні екен ғой..
Уақытты өлтіруге құмармын!
Бүгіннің де жаназасын шығардым.
Өткен жылдар, күндер, сәттер кешегі,
Ертең жоқтап сендерді де жылармын!
Тіркелген күні: 2008-10-02 Жазулар саны: 575 Мекені: Семей
Жазған уақыты:
2008-10-07 17:10:07
/21.09.2008/
Бүгін күн жексенбі. Жүрегім аласұрып әлі де сізді іздеуде. Сәт сайын ойымнан шығар емессіз...
Кешке қарай театрға баруға жиналдым. Бүгін қасиетті шаһарымыздың топырағында жазушы Ә.Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» шығармасына тұңғыш рет пьесалық қойылым дайындалып, көрермендерге ұсынылмақшы.
Театр дәлізінде жиналған халық залға лық толды. Қойылым да басталып кетті. Ең кереметі, зал көрермендерінің ішінде 86 жастағы қарт майдангер, жазушы Әзілхан ағаның өзі де тамашалауда. Иә, актерлар өз рөлдерін шебер-ақ орындап жатыр.
Ал менің зер салып тамашалауымнан, ойымның басқа жаққа қиялмен ұзап кетіп отырғаны көп болды. Қай тұсқа келіп еді... соңы да болып қалыпты ғой... Иә, Меңтайдың толғағы келіп, ауруханаға әкетіп барады. Сүйіктісі Ербол «Ме-е-ңтай, барлығы жақсы болады, барлығы жақсы болады, алаңдама» деп жарына жан дауысымен айқайлауда. Бірақ... Меңтай... оралмады. Көрермендер көздеріне жас алды, мен де жыладым. Ел пьесаға жыласа, менің мұңым басқа еді...
...Соңғы 14 қыркүйек күні телефонмен хабарласқаныңызда сондай бір ерекше жылы сөйлесіп едіңіз. «Жаным, бәрі жақсы болады» деген дәл пьесадағыдай сөздерді Сіз де айтып едіңіз.... Біздің ешкімге білдірмеген нәзік сезімді үнсіз, мылқау махаббатымыздың да келмеске кеткені ме...???
Қойылым аяқталды. Жүрегім алып-ұшуда. Ел жапырыла сыртқа шықты. Күн алакөлеңке тартыпты. Көлікке отырғым келмей, орталық алаң көшесінің бойымен жаяу келе жатырмын. Сырт елге жалғыз кетіп бара жатқан адаммын...ал жүрегім жалғыз емес еді.... кеудемде тулаған, Сізге деген өшпес махаббатым бар еді...
...Қашанда жанымда Сіз бар деп ойлап жүремін...АҚЖАН АҒА...!!!
«...Әркім өзі шыққан таудың биігінен ой керер,
Егер олар ақылы мен сезіміне сай келер
Жар іздесе рухының аңсау, тарту күшімен
Және ол жанды таба алмаса жүз он үштің ішінен,
Тіпті мыңның арасынан жолықпаса сыңары
Дара талғам – түйсігі үшін болғаны ма кінәлі?...»
/М.Шаханов/
Ү З І Н Д І ; Реанимация. Авариядан кейін қозғалуға шама келмей,көзім жаутаңдап мен жатырмын.Сенбі,осылайша кеш те батты сағ 19-00 де алғашқы көмек көрсетіліп таңып тасталған шаң шаң бір қыз әкелінді,жұмыс аяғында ауыр жүк машинасы қағып,оң аяғы морт сынған оң қолы таңулы.Ыңырсыған дыбыс бөлмені алды,түн ортасы болса керек операционныйға алып кетті.
Тыныштық орнап аурулардың пысылдаған дыбысы ғана естіледі.Күн жексен
бі.Мені баска реан.бөлімге ауыстырды.Келген бетте жалғыз едім,қасыма операциядан бір кемпір келді жетпістің мұғдарында,опер күрделі жасалса керек қорылдап жатыр.Жарты сағатөтпестен аяқ жағыма көлденеңінен орналасып,аяғын торлап тастаған,ақ сазандай болып бағанағы орыстың қызы
орналасты.Мынаның суреттеуін ай өле алмай жатып дерсің ау.Ол ол ма әңгі
менің қызығы енді басталады.Бір ғажабы мұнда тек жамылғы ғана,ол он
ашылып,он жабылады.Шамаң келгенде бүркеген боласың,сосын қалады.
Еркек әйел дегенді ұмытасың,анадан жаңа туғандай жалаңашсың,көретінің
белгілі жерлер,бірте бірте оған да үйреніп алады екенсің.Алғашында амалсыз
жалаңаш денеге түскен көзді тайдырып әлек болушы едік кейіннен оны да қойып бірбірімізге бақырая қарап әңгімені соғатын болдық.Сондағы орыстың
жас қызының бейнесі әлі күнге көз алдымнан кетпейді,мұндай мүсін,мұндай
сұлу болар ма?......Уақыт емші дегенге көзім сонда жетті.Дәл сол уақытта мен
аяқ басып тұрам,жүрем деген арман сияқты болып көрінуші еді,ал бүгін ше?
Бәрі ұмыт болды,ештеңе болмағандай! Тәуба,құдайға шүкіршілік етемін,екінші
ажалсызға араша тұратын ақ халатты абзал жандарға!
Батырлық, байлық кімде жоқ,
ғашықтың жөні бір басқа!
Тіркелген күні: 2007-01-12 Жазулар саны: 74 Мекені: ауыл
Жазған уақыты:
2009-01-30 00:21:56
Түннің тыныштығы тап бір терең ойлылықтан аумайды. Қазір оны бар әлемді бағып тұрған, бәріне өлшеп-екшеп қараған бір алып көздің ғажап кең қарашығы ма деймін. Қылмысты да, қуаныш – қызықты да қалт жібермей қадалып тұр.
Бәрін біледі, бәрін көреді, білгені ішінде, көрсе де көрмегендей. Тірі пенде сырға беріктігін түннен үйренсеңші!
Жалпы түнді оятқан таң, таңды ыдыратқан күн, еркелей ескен жел, тереңге ой бүккен түн – дағы соның бәрі мөр басып, адамзатқа мінез үлессе керек.
Қазір де солай, тереземнен қарап анау бір жол бойын жағалап мүлгіген қарағаштар да өзінше бір ойға тартады. Сөлбіреген ұзын ақ шекпен киіп, қаз-қатар жұма намазда тұрған қарттар сияқты. Құдды бір бізге бата беріп, біз үшін Алладан жақсылық тілеп тұрғандай. Қандай ғажап, қандай ойлы көрініс. Әр ағаштың діңінде жүз- жүз елу жылдық бұтақтар бар, қария куәлар, сыр шерткендей, үнсіз сыр шерткендей.
Еее солай, сырын ұқтым ғой...