Тіркелген күні: 2008-10-02 Жазулар саны: 575 Мекені: Семей
Жазған уақыты:
2009-05-21 18:53:47
Жаз маусымы келді. Жаз келгеннен кейін көшелерде, кафелерде, дүкендерде балмұздақтардың түр-түрі қаптап кетеді. Барлықтарыңыз балмұздақты жақсы көресіздер, ал оның шығу тарихы туралы ойланып көрдіңіз бе? Балмұздақ туралы келтірілген кейбір деректерге тоқтала кетсек...
«...Әркім өзі шыққан таудың биігінен ой керер,
Егер олар ақылы мен сезіміне сай келер
Жар іздесе рухының аңсау, тарту күшімен
Және ол жанды таба алмаса жүз он үштің ішінен,
Тіпті мыңның арасынан жолықпаса сыңары
Дара талғам – түйсігі үшін болғаны ма кінәлі?...»
/М.Шаханов/
Тіркелген күні: 2008-10-02 Жазулар саны: 575 Мекені: Семей
Жазған уақыты:
2009-05-21 18:56:16
Ең алғаш рет балмұздақты Европаға Марко Поло әкелген екен. Өзінің кезекті саяхаттарының бірінде ол Қытайда балмұздақтың қалай жасалатынын көреді, содан кейін оны Италияға алып келіп, ең алғаш рет дайындаған деседі. Басқа бір нұсқаға қарасақ, онда Екатерина Медичи Францияға Дюка Орлеанскиийге тұрмысқа шығу үшін барған кезде өзімен бірге балмұздақ дайындау мәзірін жақсы меңгерген ас әзірлеушіні ала кеткен екен.
Келесі бір нұсқада былай делінген: Өте ертеде, Ағылшындық І Карл өзінің жақындары мен туыстарына үлкен дастарқан мәзірін ұйымдастырыпты. Өзінің бас ас әзірлеушісіне ол қонақтарды таңқалдырарлық тағам дайындауын бұйырады. Көп еңбектеніп бас ас әзірлеуші жаңа тағам ойлап шығарады. Ол өте суық, жаңа жауған аппақ қарға ұқсайды, бірақ тәтті болып шығады.Қонақтардың таңқалуында шек болмайды. Сол кезде І Карл ас әзірлеушіні шақырып, оның дайындау әдісін ешкімге айтпауын сұрайды, бұл ас тек патша дастарқанына ғана берілу керектігін бұйырады. Ал ас әзірлеушіге 500 фунт ақы тағайындайды. Кейіннен 1649 жылдары І Карл басшылығынан түскен кезде ас әзірлеуші Де Марко өзінің уәдесінде тұрмай, балмұздақ дайындау әдісін көпшілікке жария етеді.
Ал Америкаға балмұздақ 1774 жылдары жеткен. Сауда-саттықпен айналысып жүрген Филипп Лензи есімді саудагер Нью-Йорк газеттерінде өзінің Лондоннан әр түрлі тәттілерді, соның ішінде балмұздақты ала келгенін жарнамалайды. АҚШ президенті Джеймс Мадисонның әйелі Долли Мадисон 1813 жылы өзінің күйеуінің бал кешінде қонақтарға балмұздақ ұсынған.
Одан кейін балмұздақты қолдан жасау әдісінің өндірісте шығарылуы Нью-Джерсидегі Нанси Джонсон деген әйел арқылы дамыған. Ол 1846 жылы қол құралын /фризер/ ойлап шығарған. Бірақ әйел құралды патенттік тіркеден өткізбеген. Тек 1848 жылы 30 мамырда Йонг есімді азамат “Джонсонның балмұздақ жасау фризері” деген атпен патенттік тіркеуден өткізеді.
Қазірге дейін балмұздақтың әкесі саналатын американдық балмұздақ өндіруші Якоб Фусселл Солтүстік Америкада, Балтық теңізінде, Мэрилендте 1851 жылы балмұздақ өндіруді бастайды. 1926 жылы Кларенс Вогтың шығаруымен үздіксіз жұмыс істейтін ең алғашқы фризер жасалынады. Бұдан кейін балмұздақ өндірісте көлемді шығарыла бастайды. Ең қызығы, ежелгі Ресейде де балмұздақтың жасау әдісін білген көрінеді. Десерт тағамдарына олар қант қосып қатырылған сүт ұсынады екен. Кейіннен бұл әдісті фрнацуздар да қолданған.
Кейіннен балмұздақтың түр-түрі жер жүзіне тараған. Әрбір ұлт өкілдері дайындау әдісіне өзгеріс енгізуге тырысқан. Австрия жұртшылығы балмұздаққа шоколод , итальяндықтар түрлі жемістер, жаңғақ дәндерін қосуды ойлап шығарған.
/деректер интернеттен аударылды/
«...Әркім өзі шыққан таудың биігінен ой керер,
Егер олар ақылы мен сезіміне сай келер
Жар іздесе рухының аңсау, тарту күшімен
Және ол жанды таба алмаса жүз он үштің ішінен,
Тіпті мыңның арасынан жолықпаса сыңары
Дара талғам – түйсігі үшін болғаны ма кінәлі?...»
/М.Шаханов/
иә, + Ресейде алдынгы кездерде енді балмұздақ шыгарганда, ресейде балмұздақ дифицит болатын, мерекелерде жаксы өтетін, кейін бір сәтке балмұздақты заң атымен қолданыстан алып тастады, заңсыз болғанығой жеу . осы, теледидардан айткан алдын, балмұздақтың авторитеті соншалыкты болганы!
БЫлайша, өзіме стаканчикка құйып беретін балмұздақтар ұнайды, астанада, көктем дүкенінде бар, жиі алып тұрам,
Дворец молодежиде итальянский мороженый дегені бар, алдын қазақстан спорт кешенінен алатын едік.....
ЖАқсы тақырып,
ауылда күнде марожни жейтін едік 40 градус ыстықта )))))))
Green Day
Cranberries
Рүстем Күлшебаев
Ән жинақ: http://www.zhastar.biz/index.php?name=files&cat=8
Тіркелген күні: 2009-01-14 Жазулар саны: 112 Мекені: Ақтау
Жазған уақыты:
2009-05-22 11:32:33
Бала кезімізде (кеңес заманы, ауылда тұратынбыз) ата-анамыз қалаға кетсе, қашан келер екен деп ауланың сыртында күтіп жүретінбіз. Машинаның төбесі көріне сала алдынан жүгіріп шығатынбыз. Мақсатымыз - Ата-анамыз қаладан әкелетін кәдімгі кеңестік 20 тиындық мұп-мұздай (түсінбейтіндерге сұп-суық) балмұздақ болатын. Сол мақсатпен үйде мұнтаздай жиналады, аула да тазаланады, мал да жайлы .
Аулымызда сатылмайтын, соған өкініш білдіріп, құрбыларымыз арасында форум құратынбыз. Ал қалаға бара қалсақ, бірінші мәселеміз - осы нәрсеге қалайда болса жету. Қазір еске алсаң қызық қой. Ностальгия...
Әжеміз бізді аяп, мұздайлай (суықтай) бермей, тығып ерітіп беретін, тамақтары ауырмасын дегені ғой. Ал бізге олай ұнамайтын.
Қазір, жазда болмаса, аса көп қызықпаймын, бала кезімізде нормасын орындап қойған болармыз
Бүгінде неше түрі шығып жүр ғой.
Балмұздақты оте жақсы коремін,балмұздақты ұйде жасауға да болады,мен томенде екі тұрлі балмұздақты жасау адісін айтайын:
1-алмадан жасалатын балмұздақ
алма500g,хекер150g,сұт500г
Жасалыу жолы
Алманы жұуып қабыгғын алып,ұрығын шұқып езіп аламыз,одан соң оған жаңағы
шекерді(150г)салғаннан кейін ,1000г қайнап тұрған сұуды құйып,араластырып,оның ұстіне кайнап тұрған сұтті қосып араластырып сұытамыз, сұуыған соң мұздатқышқа салып мұздатамыз,оның дамі тіл ұйыреді.
2-Бананадан жасалган балмұздақ
Банана750г,ліймон бір тал(ліймон жоқ болса ліймон шарбаты 250г),кілегей450г,шекер450г
Жасалыу жолы
дайындап алған шекерге 1500г сұу құйып қайнатып сұзіп аламыз,
банананың қабығын алып тастап езіп ,дайындалған шекер араластырылған сұуға салып араластырып , ліймонның сұуын қосып дамін келтіргенен кейін сұуытып,одан соң дайындалған кілегейді(копіршітіп алыңған) араластырып қалыпқа салып мұздатамыз.
оның ас қортыу , ішті босатыу ролы зор
ares9696@mail.ru
қорқатын болдым мен желден,
талғаусыз барды теңгерген.
Желде ғой ыңғай бағыт бар,
құйыны жаман сенделген.
Тіркелген күні: 2008-10-02 Жазулар саны: 575 Мекені: Семей
Жазған уақыты:
2009-05-22 19:07:53
Балмұздақ жайлы жазылған пікірлерді оқып,өзімнің де бала кезім есіме түсіп отыр.Жыл сайынғы асыға тосатын *Жаңа жыл* мейрамына ата-анамыз қаладан жәшігімен балмұздақ алдыртатын. Бірақ, ауырып қаласыңдар деп, қалағанымызша жеуге рұқсат етпейтін. Одан кейінгі есімде қалғаны, *Қазақстан әйелдері* журналына Кuttekadaм ұсынған мәзірлерге ұқсас жасалу рецепті жарияланып, әлгіні қиып алып,үлкен әпкем екеуіміз әзірлегеніміз бар. Ал кейінгі жылдары құрғақ қалыпта арнаулы балмұздақтар шыға бастады. Ал,қазір, дайындап әлектенбей-ақ, сатылымнан небір түрлерін алып жей беруіңе болады.
«...Әркім өзі шыққан таудың биігінен ой керер,
Егер олар ақылы мен сезіміне сай келер
Жар іздесе рухының аңсау, тарту күшімен
Және ол жанды таба алмаса жүз он үштің ішінен,
Тіпті мыңның арасынан жолықпаса сыңары
Дара талғам – түйсігі үшін болғаны ма кінәлі?...»
/М.Шаханов/
менің бір өзіммен жасты қурдас досым бар еді ол балмуздақ десе ішкен асын жерге қоярдай бала еді оның ең бір қызығы ол4 мезгілдің 3-еуінде де балмуздақты қатырып ақ дамін тарып жейді да ал қыста болса оған унайтын ешбір татті тағам болмайды оның балмуздақты жақсы көретіні соншалықты тіпті ауыруда оған шақ келмейді карантин тоқтап балмуздақты жемеңдер деген ескерту де шығып жатса да ол қарамастан қатырып ақ жеп жур екен
Рахымды ием пайғампарды жіберді
Кісі ізгісі ел сарасы жігерлі
Елге деген рахымы ол қудайдың
Қылығы қош қулқы тузу шырайлы
Тіркелген күні: 2008-02-05 Жазулар саны: 28 Мекені: aktobе/аiteke bi
Жазған уақыты:
2009-08-16 04:05:25
мен осы балмуздакты жей алмай ак койдым. мулде табетим тартпайды балмуздакка.(мумкин тамагыма салкын тигизип алам деп коркам ба) кишкентай кунимде каймакты муздаткышка катырып шекер косып жасап коргеним бар. калай шыкканы есимде жок айтеуир жеп алдык.
Мен балмұздақты бала күнімде жеуші едім (барлық балалар сияқты, ұнататынмын), қазір мүлдем ұнамайды. Есейген соң, танысым балмұздақ алып келсе, не алып берсе бетімді тыржитып жемей қоямын, ал өзім арнайы балмұздақ алып жемеймін де!