Тіркелген күні: 2008-06-16 Жазулар саны: 34 Мекені: Атырау
Жазған уақыты:
2008-11-20 22:46:19
Барлықтарыңызға салем!Бұрындары ашылған тақырыпты кері қозғап жатырсам айыпқа бұйырмағайсыздар.
Бәріміздің де болашақта мықты азамат,өз ісіне жауапты адам,тұлға болып қалыптасуымызға ең алдымен-Ата-Ана десек,сосын Мұғалімнің еңбегі зор.Сонау мектеп табалдырығын аттаған сәттен - білгір мамандық иесі атанғанға дейін Ол үнемі қасымызда жүреді,білмегенімізді үйретеді,ренжісек бірге ренжіп,қуансақ бірге қуанады.Қалай айтсақ та,осындай дәрежеге жеткеніміз үшін мұғалім алдында мәңгі қарыздармыз.
Құрметті достар,балалық шаққа,студенттік жылдарға қайта бір оралып,
Ұстаздық еткен жалықпас,
үйретуден балаға,-
деп Абай атамыз айтқандай алғыр да,аңғарымпаз ақыл иесі МҰҒАЛІМДЕРІМІЗ туралы ой бөліссек.
Тіркелген күні: 2008-03-25 Жазулар саны: 745 Мекені: Алматы қаласы
Жазған уақыты:
2008-12-02 21:34:37
Мәссаған, Green Dog! , форумның майын шығарып жібердіңіз ғой.
Әрине, қалжың, бірақ әркімнің сана сезімі, сыйластығы, мінезі әр түрлі. Сондықтан, айналасындағыларға да көзқарастары әр түрлі деп білемін
Тіркелген күні: 2008-08-25 Жазулар саны: 111 Мекені: Жазда жайлау, қыста қыстау
Жазған уақыты:
2008-12-02 21:59:23
Меніңше, мұғалім мамандығының деңгейі мен имиджін көтеріп, жастарды мектепке мұғалімдікке көптеп тарту үшін «Мұғалім» туралы Заң немесе бағдарлама қабылдау қажет сияқты. Бұл мұғалімдердің белсенділігі көтеріп, әлеуетін артыратын еді.
Сонымен қатар, 20 ғасырдың басында «мұғалім»,«ұстаз»
ұғымдары киелі, қасиетті саналған. Және сол кезде бұл өте жауапкершілікті мамандықтардың біріне айналған. Ал, қазір соны бұрынғы қалпына келтіру үшін не істеу қажет соны ойлану керек сияқты.
Ал, мұғалімдерді жамандағанмен ештеңе өндіре алмаймыз-ау...
Алашқа ұран десетіндей абыройылы тұлға бар ма бұл күнде?
Тіркелген күні: 2008-06-12 Жазулар саны: 44 Мекені: Қарағанды
Жазған уақыты:
2008-12-03 02:29:44
Жолдастар! Әр сыныпта 30 баладан оқыйды делік. Ұстаз біреу,30 оқушы. Ұстаз әр балаға жеке сабақ бермейді ғой. Бәріне бірдей түсіндіреді, бәрін де бірдей оқытады. Ал, әр оқушының үлгерімі алуан түрлі. Неге? Бәрінің ішетіні бір тамақ, аяқ-қолдары бүтін, құлақтары естиді, неге көрсеткіш бірдей емес. Оның барлығы адамға байланысты. *Ұстазынан озбаған шәкірт сорлы* деген жақсы сөз бар. *Мұғалім жаман болып білім ала алмадым*- қандай сорлы сөз. Жақсылап ойланайық. Біреуді *мал* деп сөкпей тұрып, өзімізге бір қарағанымыз дұрыс болар.
1. Мұғалім - біріншіден білім беруші. Ол үшін мұғалімнің өзі білімді болуы қажет. Білімді мұғалім әрқашан жетіспейді, себебі, адамның қабілеті мен білімі жоғары болса, мұғалімдік сияқты жалақысы аз, әрі беделі төмен, оның үстіне жұрттың бәрі аянышпен қарайтын жұмысты кім жасағысы келеді. Сондықтан, әрине, мектеп негізінен қолынан ештеңе келмейтіндердің, басқа жұмысқа жарамсыздардың күнелтіс мекеніне айналған. Екі мәселені шешу қажет: бірінші - білімсіз мұғалімдер мектептен шығарылуы тиіс, қарапайым есептерді шығара алмайтын, бір сөйлем талдай алмайтын, тарихи даталарды танымайтын т.б. осындай "ұстаздар" түкке тұрмайтын дипломын құшақтап айдалаға кете берсін. Екінші - білімді мұғалімдерді мектепке тарту қажет, бұл деген - жоғары жалақыға кетіп тіреледі.
Бірінші мәселені шешейік: мектепте білімді мұғалімдерді ғана қалдыру үшін ҰБТ-ны оқушылар емес, алдымен мұғалімдер тапсыруы тиіс, өз пәні бойынша мемлекеттік тестілерден жеткілікті балл жинай алмаған мұғалімдер мектептен дереу қуылуы тиіс.
Екінші мәселені шешейік: мұғалімнің жалақысын үкімет ешқашан көтере алмайды, себебі ол бюджеттік мекеме. Сондықтан мектептер қымбат ақылы болуы тиіс, тек соның есебінен ғана мұғалімнің жалақысы көтеріледі - басқа жолы жоқ.
2. Мұғалім - екіншіден тәрбиеші. Ендеше бала тәрбиелемек түгілі өзінің қара басын алып жүре алмайтындарды мектептен тағы қуу қажет. Арақ ішіп, темекі тартатын, боқтық сөзді көп білетін немесе бірнеше күйеуге тиген, ажырасқан, әр түн сайын әркімдердің төсегінен табылатын, сонымен қатар қарттарын қарттар үйіне, балаларын жетімдер үйіне тапсырған, жас қыздарға көзін сүзетін, жалпы моральдық-адамгершілік бейнесі ұстазға лайық емес т.б. адамдардың мұғалім болуға ешбір құқысы жоқ. Енді олар балаға (оқушы ұл-қыздарға) ақыл айтып, "өнегесін" бермей-ақ қойсын. Басқа жұмыстарды істесін - алайда болашақ ұрпақ тәрбиесін оларға сеніп тапсыруға болмайды.
Содан соң келіп, балалар мен ата-аналар өздерінің қай мұғалімге оқитынын өздері шешуі тиіс, мұғалімді оқушылар таңдауы тиіс. Сонда балалар оқығысы келмейтін, таңдау түспеген мұғалімдер өздері-ақ жұмыссыз қалады. Әрбір мұғалімнің, өздері тапсырған тестілерінің нәтижелері мен мен оқушыларының қол жеткізген жетістіктері, шығарған әдістемелік құралдары мен ізденістері және оқушылар мен ата-аналардың тарапынан бірнеше өлшеммен бағаланып, жалпы рейтингісі мектептің қабырғасында ілулі тұруы тиіс, мұғалімдердің рейтингілері газеттерге жариялануы тиіс. Жалақыдағы теңгермешілікті де қою қажет, рейтингісі жоғары мұғалімнің жалақысы да жоғары болуы тиіс. Оған баласын оқыту үшін де ата-ана оқу ақысын өте қымбат төлеуі тиіс.
3. Мысалы, нан тегін болса, оның қадірі болмас еді, халықтың бәрі нанды қапшықтап арқалап, үйдегі малдарына, шошқасына берер еді, көшелерге лақтырып тастай салар еді. Білім де солай, тегін болғасын ешқандай қадірі болмайды. Егер ақылы болса, тек мұғалімнің емес, білімнің де қадірі болар еді. "Білім" атты баға жетпес байлық ешқашан тегін болмауы тиіс. Қазақстаннан он есе жоғары дамыған өркениетті мемлекеттердің білімді тегін қылуға ол елдердің қауқары байлығы жетпей отырған жоқ, адам психологиясы сондай - тегін және оңай нәрсенің қадірін білмей таптап өтеді.
Бәрін ақша билеген нарық заманында келіп, "тегін білім" деген сөз - адамның санасында Білімнің қадірін мүлде кетіру, құнын жою деген сөз. Сондықтан келіп, білімнің де, жақсы мұғалімнің де қадірін ешкім бағаламайды.
4. Енді оқушыларға келейік, егер бала сабақ оқымай, арақ ішіп, темекі тартып, көшеде төбелесіп, аузы толған боқтық сөз, жан-жағына түкіріп жүретін болса, тәрбиеге көнбейтіндерді басына бейнет қылмай, ондайлардан арылу қажет, олардың тәрбиесіне қатаң қарайтын басқа арнайы мектептерге ауыстыру қажет. Оқуға қабілеті жетпейді екен - ендеше қабілеті төмендердің арнайы мектебінде оқысын. "Оқи гөр!" деп оларға жалынып не керек, бала мұғалім үшін не ата-анасы үшін емес, өзі үшін оқитындай саналылыққа әкелу қажет.
Мынау байтақ дүние, маған да бір қарашы,
Танимысың сен мені, мен - қазақтың баласы!
Әңгіме менің мүмкіндігімде емес, оқу ақысының - бағасының мөлшері жөнінде ғой. Дәл қазір ақылы мектептер бар, оларға балаңды берсең, айына 50 мың теңге төлейсің. Осы - шамамен орташа баға. Халық оған баласын көптеп оқытып жатыр. Мүмкін жақсы мектептер (лицейлер мен гимназиялар үшін дейік) айына 75 мың теңге болуы керек шығар. Төменгі сападағы (жалпы оқытатын сыныптар үшін дейік) мектептер үшін - айына 25 мың. Мысал үшін ғой, осы шамасы болар. Сонда, мысалы, жақсы лицейдегі мұғалім айына 300 мыңдай жалақы алар еді.
Жеке менің өзімнің мұғалімдеріме ешқандай өкпем жоқ, көп-көп алғыстан басқа. Ал жеке менің басыма келсек, балаларымды (әлі үйленген жоқпын) тіпті тым қымбат мектепте оқыта алмаған жағдайда да, мұғалімдердің абырой-беделі мен Қазақстандағы білім-ғылымның қадір қасиеті көтерілсе, жақсы мектептерде оқып-білім алу - екінің бірінің қолы жетпейтін биік арманға айналса, соған разы болар едім.
Әрине, үздік оқитындарға жеңілдік жасау үшін гранттар қажет болады. Көп балалы жанұяларды қолдау үшін мектепте оқитын баласының санына қарай, оқу ақысын төмендету тетігі керек болады. Жоғарыдағы ұсыныстардың бәрін қазақстандық мұғалімдер мен біздің білім жүйесінің дамуына деген жанашырлықтан туған ойлар деп қабылдасаң да болады...
Әйтпесе, өзімді оқытқан мұғалімдерді қазір көріп амандасқанда, апай-ағайларымның киіп жүрген киімін көргенде-ақ жаным ашып кетеді - өзінің бесінші сыныптағы оқушыларының үстіндегі киімнен бес есеге арзан, ескі-құсқы, қайдағы бір көнетоз киімдер. 20-25 мың жалақысының тең жартысы пәтерақыға кететін болса, жөндеп тамақ та ішпейтін шығар солар. Одан соң не бедел болсын мұғалімде және не қадір болсын білімде...
"Жақсы оқыңдар, оқу керек!" - деп айтып отырған мұғалімдеріне оқушылар мұғалімдерінің жағдайын көріп, ішінен: "Жақсы оқығанда сүрген өмірің осы ма, сонда" - деп ойлап отыратын болса, білім-ғылымның не қадірі бар...
Мынау байтақ дүние, маған да бір қарашы,
Танимысың сен мені, мен - қазақтың баласы!
Тіркелген күні: 2007-07-25 Жазулар саны: 929 Мекені: Алматы
Жазған уақыты:
2008-12-03 19:20:01
Саке мықты жазыпсыз. Осындай өмірден алынған мысалдарға қалай көзіңді жұмуға болады.
ақұдаймен келісемін.
Еркебұлан, *муғалімнің жамандығынан білім ала алмадым деген сорлылық* -деп айтуыңның жөні бар.
Ал мұғалімнің әлсіздігінен басқа мектепке ауысып кеттім деген ше?
Мұғалім мұғалімге *рознь* = аудармасын тапсам түзетіп қоямын.
Тіркелген күні: 2006-03-06 Жазулар саны: 950 Мекені: Атырау
Жазған уақыты:
2008-12-03 20:26:31
sera жазған:
1. Мұғалім - біріншіден білім беруші. Ол үшін мұғалімнің өзі білімді болуы қажет. Білімді мұғалім әрқашан жетіспейді, себебі, адамның қабілеті мен білімі жоғары болса, мұғалімдік сияқты жалақысы аз, әрі беделі төмен, оның үстіне жұрттың бәрі аянышпен қарайтын жұмысты кім жасағысы келеді. Сондықтан, әрине, мектеп негізінен қолынан ештеңе келмейтіндердің, басқа жұмысқа жарамсыздардың күнелтіс мекеніне айналған. Екі мәселені шешу қажет: бірінші - білімсіз мұғалімдер мектептен шығарылуы тиіс, қарапайым есептерді шығара алмайтын "ұстаздар" дипломын құшақтап кете берсін. Екінші білімді мұғалімдерді мектептке тарту қажет, бұл деген - жоғары жалақы.
Бірінші мәселені шешейік: мектепте білімді мұғалімдерді ғана қалдыру үшін ҰБТ-ны оқушылар емес, алдымен мұғалімдер тапсыруы тиіс, өз пәні бойынша мемлекеттік тестілерден жеткілікті балл жинай алмаған мұғалімдер мектептен дереу қуылуы тиіс.
Екінші мәселені шешейік: мұғалімнің жалақысын үкімет ешқашан көтере алмайды, себебі ол бюджеттік мекеме. Сондықтан мектептер қымбат ақылы болуы тиіс, тек соның есебінен ғана мұғалімнің жалақысы көтеріледі - басқа жолы жоқ.
2. Мұғалім - екіншіден тәрбиеші. Ендеше бала тәрбиелемек түгілі өзінің қара басын алып жүре алмайтындарды мектептен тағы қуу қажет. Арақ ішіп, темекі тартатын немесе бірнеше күйеуге тиген, ажырасқан, қарттарын қарттар үйіне, балаларын жетімдер үйіне тапсырған, моральдық бейнесі лайық емес т.б. адамдардың мұғалім болуға ешбір құқысы жоқ. Олар балаға ақыл айтып, "өнеге" бермей-ақ қойсын. Басқа жұмыстарды істесін - алайда болашақ ұрпақ тәрбиесін оларға сеніп тапсыруға болмайды.
Содан соң келіп, балалар мен ата-аналар өздерінің қай мұғалімге оқитынын өздері шешуі тиіс, мұғалімді таңдауы тиіс. Сонда балалар оқығысы келмейтін мұғалімдер өздері-ақ жұмыссыз қалады. Әрбір мұғалімнің, өздері тапсырған тестілері мен мен оқушыларының қол жеткізген жетістіктері және оқушылар мен ата-аналардың тарапынан бірнеше өлшеммен бағаланып, рейтингісі мектептің қабырғасында ілулі тұруы тиіс, мұғалімнің рейтпнгілері газеттерге жариялануы тиіс. Жалақыдағы теңгермешілікті де қою қажет, рейтингісі жоғары мұғалімнің жалақысы да жоғары болуы тиіс. Оған баласын оқыту үшін де ата-ана оқу ақысын өте қымбат төлеуі тиіс.
3. Мысалы, нан тегін болса, оның қадірі болмас еді, халықтың бәрі нанды қапшықтап арқалап, үйдегі малдарына, шошқасына берер еді, көшелерге лақтырып тастай салар еді. Білім де солай, тегін болғасын ешқандай қадірі болмайды. Егер ақылы болса, тек мұғалімнің емес, білімнің де қадірі болар еді. "Білім" атты баға жетпес байлық ешқашан тегін болмауы тиіс. Қазақстаннан он есе жоғары дамыған өркениетті мемлекеттердің білімді тегін қылуға елінің байлығы жетпей отырған жоқ.
Бәрін ақша билеген нарық заманында келіп, "тегін білім" деген сөз - білімнің қадірін мүлде кетіру құнын жою деген сөз. Сондықтан келіп, білімнің де, жақсы мұғалімнің де қадірін ешкім бағаламайды.
4. Енді оқушыларға келейік, егер бала сабақ оқымай, арақ ішіп, темекі тартып, көшеде төбелесіп, аузы толған боқтық сөз, жан-жағына түкіріп жүретін болса, тәрбиеге көнбейтіндерді басына бейнет қылмай, ондайлардан арылу қажет, олардың тәрбиесіне қатаң қарайтын басқа арнайы мектептерге ауыстыру қажет. Оқуға қабілеті жетпейді екен - ендеше қабілеті төмендердің арнайы мектебінде оқысын. "Оқи гөр!" деп оларға жалынып не керек, бала мұғалім үшін не ата-анасы үшін емес, өзі үшін оқитындай саналылыққа әкелу қажет.
Жүйелі сөз, дау жоқ
Уақытты өлтіруге құмармын!
Бүгіннің де жаназасын шығардым.
Өткен жылдар, күндер, сәттер кешегі,
Ертең жоқтап сендерді де жылармын!
Сера, айтып отырғаның дұрыс қой. Бірақ орта білім алу мектептерінде білім алу ақылы болатын болса, тағы да сол ауылдағылар жапа шегеді ғой. Нағыз қараңғы қазақ боламыз, дамушы елдердегідей әріп танымайтындар пайда болады. Қазірдің өзінде ауылдағылар балаларына жоғары білім бере алмай отыр. Сосын ақысыз болғанның өзінде, мектепке бармай жүргендер бар.
Тіркелген күні: 2008-10-13 Жазулар саны: 11 Мекені: Атырау
Жазған уақыты:
2008-12-10 19:32:22
Sergeaн
неге мұғалімдер дұрыс оқи алмайтын оқушыларды келесі жылға көштіртеді? соңғы бұт-де барлық оқушылардың үштен бірі құлады. олардың білім деңгейі жалпы талаптарға сәйкес келмейді, олар тіпті 11 сыныпқа дейін көшпеу керек еді ғой. қоғамға ондай адамдар қажет пе? біздің мұғалімдер өзінше оқушыларды аяп келесі жылға жібереді, олар оқушыларға жақсылық жасадым деп ойлайды, бірақ керісінше бұл таза жамандық. осылайша мұғалімдер оқушыларды болашағынан айырады. менің сыныбымда (11сыныпта) дұрыс оқып білмейтін оқушылар да болған. олар бір рет те сабақ айтып көрген жоқ. олар үй жұмысын жасамайды, олар не үшін жасау керек бәрі-бір оларды көштіртеді. сабақ оқымаса, үй жұмысын жасамаса олар бос уақытын қалай өткізеді? көшеде қаңғып біреудің ұялы тел-нын тартып алып, темекі шегіп жүреді.
осының барлығына мұғалімдер кінәлі ИМХО
Ата-аналары кайда карап отыр екен олардын!!! Кун!не алдыныздан 100 бала отсе корер ед!м... Олар да адам баласы го, олар да бала тарбиелеп отырган б!реуд!н Акес!, шешес!. Кай балага окы деп жалынып отсын, басында туй!р жок бала канша айтсан да окымайды!!! Сонда оларды урып окыта ма? каз!р б!реуге куйттай катты сулесен соттатуга дайын! сол бала уш!н жаны ашып, жуг!р!п каз!р ауру болып отырган мугал!мдерд! б!лем. Каз!р сосын 2-ш! жылга калдыру деген жок.
Тіркелген күні: 2007-07-10 Жазулар саны: 678 Мекені: Кең Жылой
Жазған уақыты:
2008-12-10 19:56:14
Баяғыдай СПТУ, ГПТУ-лар жоқ қой қазір, үлгерімі шамалы оқушыны айдап жіберетін, сосын, бір сыныпта екінші жылға қалдыруға болмайтын тәртіп бар мектептерде, мұғалім қалдырам десе де қалдыра алмайды. Ал, ақылы мектептер керек-ақ, бірақ, алдында да жазып кеткем, ауылдық жерлерде ақша жоқ қой. Ауыл дегеніміз, қазақ дегеніміз ғой, сауатсыз балаларды көбейтіп аламыз. Сондықтан, асықпай отырып, кешенді бағдарлама жасап, сапаны көтеріп барып (мұғалімнің де, мектептердің де), көшпесе болмайды.
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат.
Абайдан
Тіркелген күні: 2008-10-13 Жазулар саны: 11 Мекені: Атырау
Жазған уақыты:
2008-12-11 00:32:10
Мугал!мдерд!н жагдайын тузесе мумк!н мугал!мдер де с!з айткандай бул жагдайды тузейт!н шыгар! Б!рак сол мугал!мдерд!н аркасында сауатынызды ашып, адам болганынызды мойындайтын шыгарсыз... Мен с!зге даундар деген жокпын каз!рг! балдардын 90% бастарында туй!р жок, окуды ойламайды! Ек!нш! жылга калдыруга болмаса, олар калай калдырады. 45 маубасты кош!ру ол байгустарга онай дейс!з бе? 11 жыл бойы 45 маубаспен алысу онай дейс!з бе? С!з болсаныз да б!реуд!н баласына жаныныз ашпас ед!... Оздер!н мугал!м деп силамайтын адамдарды кашангы суйрелес!н. Жогарыда айткандай олардын оздер!н!н де семьясы, балалары бар.
Тіркелген күні: 2008-10-13 Жазулар саны: 11 Мекені: Атырау
Жазған уақыты:
2008-12-11 02:44:37
балдардын 90% бастарында туй!р жок, окуды ойламайды!
кім кінәлі?
Мугал!м к!нал! ма сол уш!н??? С!з айткандай когам к!нал! шыгар мумк!н...
С!з баланызды мугал!м тарбиелеп шыгады деп, оз!н!з тарбие бермейс!з бе сонда?
өмір деген оңай нәрсе емес, осыны оқушы мектеп кезінен түсіну қажет. басыңда дым жоқ болса, ешкімге қажет емессің. қазір барлығы жастарды жамандайды. ойланғысы келмейді... жеңіл жолды іздейді... жадында ештеңе сақтай алмайды... оқуды бітіргенен кейін кондері бар, 100000 теңге айлығы бар жұмысқа кіргісі келеді. мектеп кезінен жеңілдікке үйреніп қалған, басыңды жас кезінен жаттықтырмасаң, өскесін ақылды болу қиынға соғат.
Ал университетте қала алмаған, одан басқа жұмыс таба алмаған, амалсыз сүлдесін сүйретіп, 45 минутын Эйбисидимен өткізетін адам - жолы болмаған сорлы, яғыни *мал*...
Келіспесеңдер оны айтыңдар.
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Грен Дог осы сен тым қатты кеткеніңді сезбейсіңбе,әлде сезгің келмей ме?Әй көкем ау,осынша талдап,талқылап,өз бетіңше мұғалімдерге үкім шығаратын сен кімсің,әрі беріден соң мен саған осы сөзім қатты болып кетпедіме деп те ойлап отырмын,*мал*демек түгілі.Сонда сенің мына сөзіңе қарағанда университетте қалмай мектепке барғандар --жолы болмаған сорлы екен ғой,ал одан білім алып шыққан сен өзіңді қалай атар едің.
Мен осының алдында әр бағытта өз пікірімді жазған едім,байқаймын пікірлер ат үсті оқылатынға ұқсайды.Тамашаның,Шаншардың кейбір түкке тұрмайтын арзан күлкілі қойылымына мезгілді ғана ду етіп күлетін көрермендер тәрізді бір сыдырғы кемшілікті айтса болғаны;дұрыс айттың,өте орынды,мына сөзіңді қолдаймын деп шыға келесіңдер,ал сол проблеманы қалай жою керек,оның тығырықтан шығатын жолы қайсы,құр пікір,сын жазып көсемсімей іс шараларыңды,еңбектеріңді қолдарыңа ұстап эфирге неге шықпайсың шын жаның ауырса.Сондықтан достар аңдамай сөйлегенді қою керек.
Өткенде де айтқам,мұғалімдердің атына айтылып жатқан сындардың барлығын жоққа шығаруға болмайды,ондай да мұғалімдер бар.Мен өз басым мұғалімдерді тестілеу,аттестациялау керек деген ұсынысқа келісем,ол жаңалық емес болады да,бірақ жоғарғы жіне арнаулы оқу орындарының беретін білімі мен құрылымы мені қанағаттандырмайды.Тағы бір тірі мысал айта кетейін;Өзімнің алдымнан кеткен оқушым,әрине менің болжамым бойынша ол ауылда мал шаруашылығымен айналысу керек еді.Сол пед.колледждің ақылы бөліміне барып,тіл әдебиеті мамандығын алып өзіме қайра келіп тұр.Мен әрине оны жұмысқа алудан бас тартқаныммен оқу бөлімі белден басып,нәтижесінде түрлі себептермен ол жерден кетуіме тура келді.
Ал керісінше ерінбей,өзегі талмай еңбек ететін ұстаздар қаншама ауылды жерде.Талай аудан,қала мектептерінде тексерісте болғанда кездеспеген биология пәні бойынша кабинеттегі тірі бұрышты,осімдіктерді өсіру,будандастыру оған байқау күнделігін жүргізуді ауыл мектебінен кезестіру мұғалімнің еңбегін көрсетіп тұрған жоқ па?
Мен осы бөлімде ұлық па,кішік пе жапсырма атпен төпелетіп жүрген азаматтарға айтарым; Айналайындар ураламаңдар ақылы оқыту керек деген сөзді ауыздарыңа алмаңдар.Қайталап айтам қамбасын үрім бұтағына дейін жететіндей етіп ақшаға толтырып тастаған шет елдің дәл осы ақылы оқытуына көздеріңді қашамай ақ қойыңдар.Тіптен ақшаңыз тасып бара жатса даурықпай ақ үйіңізге шақырып алып төлемді оқыта беріңіз,оған ешкім қарсы тұрмайды
Батырлық, байлық кімде жоқ,
ғашықтың жөні бір басқа!
Тіркелген күні: 2008-11-26 Жазулар саны: 38 Мекені: Алматы
Жазған уақыты:
2008-12-11 05:52:03
BaurigM мырзамен толыгымен келисемин. Мугалимдерге тагылатын кейбир киналармен келисуге болады. Бирак ол кемшиликтердин бари мугалимдердин кинасы емес, оку жуйесинин кинасы дер едим. Мугалим-окушы- бул билим жуйесиндеги турли денгейде болатын карым катынастын ен сонгы (конечная) карапайым тури. Жогары карай ол катынастарды бойласаныз коп былыктын, жемкорлыктын, адилетсиздиктин жатканын коресиз. ен женили мектепке жумыска туру ушин директорга пара беру керек, алган жумысыннан кез келген уакытта директор куып жибермеу ушин ылги директормен жаксы катынаста болуын керек, ягни жагыну керек, жондеу жумысы кезинде ата-анадан жинап паленше акша табуын керек, ал ремонтка болинетин мемлкеттик акша жонинде аузынды ашпауын керек. Буларды истемесен директор ештене тусиндирмей жумыстан куып шыгады. Алсиз енбек туралы зан директорга ондай кукыкты жумыс беруши ретинде берип койган. Окушы бетине кулмеу ушин жаксы киинуин керек, оган акша керек. Коп жас мугалимнин калада патери жок. Алатын жалакысы беретин патер акысына пара-пар. Ол кисилер тагы тамак ишип, киинип, тагы оз балаларын багып-кагуы кажет. Тегин патерде тургысы келсе мундай жандар оз ата-анасынын касына ауылга кайтуы керек. ал каланы корген коп жастар ауылга кайткысы келмейди,ол ушин оларды жазгыруга да болмайды.Ауылды жастарга кызыкты кылу- айналып келгенде мемлекеттин саясатына байланысты. Казактын болашагы- каланын жастары емес, ауылдын жастары, ойткени олардын саны кобирек жане улттык сезими жаксырак дамыган. Ауыл жастарынын дамуы ушин ауыл мектептерин кушейту керек, ауыл жастарын бай китапханалармен тагы баска дидактикалык материалдармен камтамасыз ету керек,билимге тарту керек. истейтин жумыс коп, бирак бул жумыстар тек жеке мугалимдердин энтузиазмы аркылы емес, мемлекеттик толыкканды жуйели саясат аркылы жузеге асканын дурыс болар еди.
Мундай жагдайда озинди озин жетилдируге уакыт тап, акша тап, конил-куй тап деп мугалимдерге талап коюга аузын бармайды. Осындай оте киын жагдайда жумыс истеп кандай да болса билим берип жаткан мугалимдерге коп рахмет. Арине баланын билимди болуына ата-анасынын ыкпалы коп, бирак ата-ана барлык саладан бирдей мыкты бола бермейди. Тарихты жаксы билген ата-ана математиканы билмейди, ал математиканы билген ата-ана биологияны билмейди. Ал балага коп саладан оте жаксы болмаса да орташа, ертен ози дамытып алып кететиндей билим берип журген мугалимдер ерлеп жур. Кандай билими болса да карапайым казак-орыс мектебин битирген жастар шетелде гылым дарежесин алып (шетелде гылым дарежесин алу оте киын), елге кайтып мыкты специалист болып жатыр. Бул да бизде берилетин билимнин сапасынын коп корсеткишинин бир тури. Сондыктан улттын болашагын тарбиелеп жаткан казак мугалимдеринин истерине жемис тилеймин. айналып келгенде арким оз исине берик болуы керек кой: басшы агаларымыз жаксы баскару керек, ата-ана баласына инабаттылыкты уйрету керек, ал мугалидеримиз билим беруди жаксы коруи керек. Ал баска жактар аксап жатканда мугалимдер колынан келгенин истеп жатыр деп ойлаймын. Назарларынызга рахмет!
BaurigM, ең бай деген шетелде де ондағылардың екінің бірі баласын қымбат мектепке оқыта алмайды. Сондықтан, Sergean-ның оқу ақысы Қазақстандықтардың табыс деңгейіне сай болу керек дегенмен келіспеймін. Қымбат ақылы мектепте оқу екінің бірі қол жетпейтін арманға айналуы қажет.
Sergean, шамаң келсе мысалы, балаңның білім алуына бәрібір жағдай жасар едің: шет тілін, өнердің, спорттың түрлерін үйрететін курстардан бастап, неше түрлі ақылы үйірмелерге берер едің, сосын кішкене күнінен бастап, жақсы кітаптар-сөздіктер, энциклопедиялар, танымдық құрал-жабдықтар, жақсы оқулықтар алып берер едің, оған жеке компьютер алып беріп, интернетке дейін қосып қояр едің, ауылда қамап ұстамай әртүрлі шетелдерге саяхатқа, демалысқа жіберер едің, мектеп бітірген соң сол шетелге оқуға жіберер едің. Әлеуметтік жағдай деген жайына қалады. Қазірдің өзінде мойындау керек, жағдайы бар адамның баласы қалай болғанда да бәрібір жақсы оқиды және тәрбиелі болады, себебі олардың баласының оқу-білімін, тәрбиесін қамтамасыз етуге жағдайы бар.
Баланың тәрбиесі деген - ол тәрбиенің өз мәселесі емес, бала тәрбиесі деген - әлеуметтік мәселе. Ол бала сабақтан келе сала базарда, автобуста және бар-ресторанда жұмыста, саудада тұратын болса, сабағын қашан оқиды. Өзбектер сияқты балаларын мектепке жібермей, таңнан кешке дейін мақта мен егіннен шығармай - халықтың білімін шындап құрту сонда болады. Баланың еңбегін арзан пайдаланушы қожайындарға да тиым салу керек. Жалпы нашар оқу да, бұзақылық пен тәртіпсіздік те - кедейшіліктен туындайды...
Мұғалімнің беделі болмауының ең басты себебі неде. Оның себебі мектепте оқудың тегін болғандығынан. Мектептер ақылы болса, мұғлімдер үкіметке қарап "жалақымыз аз" деп аузын ашып отырмайды, керісінше бюджетке салық төлеп, мемлекетке пайда келтіреді. Қазіргі жүйеде тұра берсек, мейлі алда жүз жыл өтсе де, мұғалімдік деген біздің қоғамдағы бір кедей мамандық болып қала береді. Және сол ақыны пайдаланып, мұғалімдерді неге көптеп шетелдерге оқытып алмаймыз, ауылдық мектептерде шетелдегідей қымбат лабороториялар түгілі бір дені дұрыс доп пен глобус та жоқ...
"Адам өмірінде жоқшылық пен қиындықты көп көрсе, тәрбиелі-білімді болады" деген ой неткен бейшара кертарпалық. Неге Қазақстанның мектеп мұғалімдері де шетелдік әріптестері сияқты көп қабатты қымбат үйлерде тұрып, қымбат автокөліктер мінбеуі тиіс және неге шетелдерге шығып демалмауы, әлемдегі ең таңдаулы ғылыми орталықтардан, университеттерден білім алып, жылына бір рет болса да солардың ортасында болып, тәжірибе жинақтамауы тиіс. Неге Қазақстандық мұғалімдер әлемдік ғылым мен білім беру ісінің қазіргі даму бағыттары мен ең озық та жаңа, алдыңғы қатарлы әдістемелік оқыту технологияларынан құр қалуы тиіс.
Мынау байтақ дүние, маған да бір қарашы,
Танимысың сен мені, мен - қазақтың баласы!
Тіркелген күні: 2008-11-26 Жазулар саны: 38 Мекені: Алматы
Жазған уақыты:
2008-12-11 13:15:33
мен мемлекеттік емес мектептердің ұлғаюынамын
Мумкин сиздин айтканыныз дурыс шыгар. Мен негизи либерализмнин идеяларынын бар салада жумыс истегенин калар едим. Мемлекеттин ролин минимуга келтирип, оны басты ойыншы емес, тек кадагалаушы еткеннен елдин дамуы тек алга жылжуы керек деп ойлаймын. Бирак бул жерде жалпы либерализмнин басты идеясы- нарыктык экономика зандары: таза конкуренцияны билим саласына алып келуи ушин, конкуренцияны болдыратын баска жагдайлар иске косылуы керек. Бул ен бастысы зандылык. Кез келген жеке мектеп жаксы жумыс истеп кетуи ушин ол ен биринши иесине пайда акелетин жеке бизнес предприятиеси (кешириниздер, казакшасын таппадым) есебинде жаксы жумыс истеуи керек, ягни салык салатын органдар, билим жуйесин баскаратын органдар тагы баскалары аягынан шалмауы керек. Барлык жеке мектеп жасаймын деген адамдарга бирдей кукык пен мумкиндик берилсе, онда кимнин акылы, баскару таланты мыктырак, сонын мектеби гулденер еди. Дарвиннин баягы естественный отбор заны. Онда рынокта тек куштилер калып, олар мугалимдерине де жаксы жалакы берип, ылги алда болуы ушин балалалрынын турли жарыстарда алдынгы орында болуларын баулушы еди. Жалпы сиз калайтын оку процессине шыгармашылык процесс есебинде карау калыптасар ма еди. Ким жана бирдене ойлап табады, ким эффективностти кобейтеди, сол женеди. ягни таза конкуренция заны жумыс истесе будан бирдене шыгар. Ал мынандай жагдайда, зансыздыкта, паракорлыкта кез келген жана министрдин жана реформасы тек баягыдан калыптаскан корымызды шайкалтуда. Коп пале баскару жуйесинин дурыс жумыс истемей, процесстердин дурыс дамымауынан. Мундай жагдайда карапайым мугалим кандай кахармандыкка баруы керек? Назарларынызга рахмет!
Тіркелген күні: 2009-03-15 Жазулар саны: 233 Мекені: Семей
Жазған уақыты:
2009-04-16 00:50:49
Мұғалімді сынау үшін мұғалім болып көру керек. Оған таласатын адам таппаспыз.
Бала оқуы үш жақты тең даму жолы болады.
Қарыны аш баланың іліп алар қарқыны болмайды, отбасындағы тұрақсыздық және қоғамдағы құрбылары арасындағы қарым-қатынас үлкен әсер етеді. Бұл бір мәселе, екіншіден қажеті жоқ іс қағаздар, оның көшірмелері өте көп, соны жазып неше басшы бар қол қойдырып, жеке-жеке көшірмелерін таратуың керек. Оны істеп белгіленген мерзімде өткізу керек, егер бүгін өткізу керек десе жүгіргеннің көкесін сонда көресің. Осы кезде мазмұнды сабақ жайлы қалай ойлайсың. Нақты "бюрократия" сөзін түсінсең нақ өзі. Мұғалім сайлау кезінде тұрақты дауыс беретін немесе еріксіз қолдаушы ретінде қоғамдағы беделінің жұтымы нашар һалде жүре бермек.
Тіркелген күні: 2007-12-30 Жазулар саны: 327 Мекені: Россия - Екатеринбург
Жазған уақыты:
2009-04-16 01:30:35
класс жетекшим болган апайды "жди меня " аркылы издеп тауып алганмын 2 жыл бурын.Казир айына 1 рет телефонмен сойлесип турамыз.Ол кисиге мын да бир рахмет,коймай журип баска тилди уйреткенине.
Мужчина никогда в жизни не должен жаловаться на две вещи:
на жену и на машину. Сам выбирал!