Кіру |

  Сайтқа кіру

Логин:
Кілт:
  еске сақта
Тіркелу | Жаңалықтарға тіркелу | Байланыс орнату | Транслитті қолдану |

 

Massagan.com  

 Онлайн мүшелер мәлімет

Қазір сайтта онлайын: 9
Мүшелерден: ешбірі
Қонақтар саны: 9

 Әңгіме - Проза бөлімі

Интернеттегі қазақ әңгімелерінің ең үлкен жиынтығы
Әкімнің баласын ат қою (әзіл әңгіме)
Авторы: Асылзат Арыстанбек
Уақыты: 2000-00-01
Көпкөпірген ауылының көрнекті азаматы, ауылдың халқы аттандап жүріп сайлап алған әкімі Көпбайдың көпжасағыр әйелі айы-күні жетіп, дәп тоғыз ай тоғыз күн дегенде торсық шеке бір ұл туды. Басы алтын, аяғы күміс болмаса да, содан кем емес бұл бала дүние есігін шыр етіп ашқаннан ауылдың алпыс үйі алашапқын күйге түсті. Ауылдың «Ақсақалдар комитеті» шұғыл мәжіліс өткізіп, әкімнің баласына елде жоқ, тіпті адам баласы естімеген ат ойлап табу деген тақырыпты ұзақ толғады. Ал «Әйелдер комитеті» алпыс алты үйден таңдап-таңдап алты қатынды сайлап, әкімнің көпжасағыр көккөз әйелі Біржаным мен ауыл ақсақалдары әлі ат ойлап таппаған алтын асықтай ұлын баптауға қойды. Алты қатыннан бөлек жүріп-тұруға жеңіл, ісі ширақ тағы төрт әйел ауыл шетіндегі «Көпкөпірген» бұлағынан су тасып тұруға сайланды. Осы аралықта әкімнің өзі отыз күн ойын, қырық күн тойымен өткізілетін «Шілдехана» сценарийінің «наброскысы» дайындалып жатқан. «Елде болмаған той жасаймын» деп әкім бірден айтқан-ды. Мұндай той өткізу үшін алдымен сценарий керек. Көпкөпіргеннің жалғыз сценарисі бар. Ол – ауылдық әкімиятпен иық тіресе орналасқан бұрынғы алпыс орындық балабақшаны мекен еткен мәдени ошақтың меңгерушісі Сапркүл. Сапаркүлдің сценариймен дайындалған «Көпкөпірген гүлдері» деп аталатын көркемөнерпаздар ансамблі ауданнан ылғи жүлделі оралады. Әкім әмір бергеннен кейін әрі кеткенде екі күн ішінде «Шілдехана» сценарийі дайын дей беріңіз. Біржаным мен баланы баптауға бөлінген алты қатын әкімнің үйіне көшіп келді десе де болады. Олар «көшіп» келгесін балалары қала ма, жас сәбидің шыбынын қориды деп ол алтауы да «жұмысқа тұрды». Жүгірсе желден озатын, табандарының бүрі бар төрт қатын бұлақтан тасып, ауылдағы бұрынғы «водовоздың» цистернасын суға толтырып та қойды. Осы уақытта ауылда атқарылмаған шаруа қалмады. Әкімнің баласына шаң тимесін деп Көпкөпіргеннің төрт көшесіне тағы төрт әйел күнде таңертең және кешке – екі мезгіл су сеуіп тұрады. Марқұм Алмабек бағбанның немересі Шиеерінге ертең әкімнің баласы ержеткенде көлеңкелеп ойнайтын пана болсын деп төрт көшенің бойына терек отырғызу тапсырылды.
«Ақсақалдар комитетінің» ақсақал-қарасақалдары «Көпкөпіргеннің» басын күнде жиын ғып сәбиге ат қою мәселесін май шаммен қарауда. Сөйтіп ауыл ала шапқын болып жатқанда, әкім баланың өмірге келгеніне 10 күн толуына байланысты той жасады. Той Сапаркүлдің сценарийімен өтті. Әкім «бапкер» алты қатынға алғыс жариялап, оның алты баласына банан үлестірді. Марқұм Алмабек бағбанның өсіріп кеткен алмасынан ара-тұра татқаны болмаса, бұл дүнияда банан деген жеміс барын білгендері осы олардың. Жарықтықтар жемісті қабығымен жеп қарық болып қалды. Төрт көшеге су себуші төрт әйелге төркіндеп келу үшін төрт күн демалыс берілді. Терек отырғызушы Шиеерінге шелек, күрек, әк, шөткі сатып алу үшін ауыл бюджетінен бес мың теңге қаржы бөлінді. Тойды төбелессіз тарқату үшін ауданнан шақырылған «амондар» ақаңа сылқия тойып алған алпыс үйдің атпал азаматтарын Алшынбайдың ат арбасымен үйді-үйлеріне апарып салды. Бәрі жақсы, ауыл риза, жүлдегер қатындардың жағалары жайлауда.
Сөгіс алған тек балаға әлі күнге елде жоқ ат ойлап таба алмаған «Ақсақалдар комитеті» болды. Тойдың ертесіне ауылдың «білімі таяз» ақсақалдарын басқарып отырған Алшынбай қария комитет төрағалығынан бас тартып әкімге арыз жазды. Түстен кейін әкім шұғыл мәжіліс жасап Алшынбайдың төрағалықтан түсу туралы арызына қол қойып, бұйрық шығарды. Енді «Ақсақалдар комитетінің» ақсақалдары балаға ат қою мәселесін екінші кезекке ығыстырып, өздеріне басшы сайлау проблемасын шешуге кірісіп кетті. Ақсақалдардың әрқайсысының төрағалықтан дәмесі зор. Бәрі де «бастық» болғысы келеді. Кімді сайларын білмей әкімнің де басы қатты. Амалы құрыған ол балаға ең жақсы ат ойлап тапқан ақсақалды төраға етіп сайлау туралы үкім шығарды. Естіген жанды есінен тандыратын есімдер мен өтініштерді қабылдау баланы қырқынан шығару тойына дейін жалғасатынын жария етілді. Ауыл ақсақалдары іске бел шеше кірісті. Бірі аудандық, бірі облыстық кітапханаларды жағалап кетті. Енді біреулері гәзет-жорнал ақтарып есімдер сырына үңіліп жатты. Баланы қырқынан шығару тойына дейін әлі отыз күн бар. Ендеше балаға қандай ат қойылғаны бір айдан кейін белгілі болады.
Көпкөпірген ауылының әкімі Көпбай мен оның көккөз әйелі Біржанымның тұңғышына тамаша ат ойлап тапқан адамға алты қап ұн жүлде мен ауылдың «Ақсақалдар комитетіне» талассыз төраға куәлігі табыс етілмек. Ендеше, іске сәт!

Принтерден шығару 
Әңгімемен бөлісу:
  delicious
  Digg
  Facebook
  Google
  Twitter
  Yahoo! Buzz
Тіркеген: 19782602, 3065 рет оқылды

1955 :
Ай, мәләдес,Асылзат. Сені жақсы ақын ба десем, тамаша әңгіме жазатын да өнерің бар екен ғой.
------------------------------------------------------------------------------------------

eske :
Қазіргі ауылды суреттегн сыйқыңыз ба бұл.Ондай атам замандада болмаған еді.
Кешегі Сырымдар мен Махамбеттер әкім тұрмақ хан ауылын шауып алған жоқпа.
Ал сен ләйім жұртты қайдағы әкімнің алдынан құрдай жорғалатасың.
Бұндай әңгіме негізінен билікке жалпаштап,солардың айтқанымен өретін
совет кезеңінде көп болушы еді,ал қазір адамдардың қасқыр болғанын білмейтін бе едіңіз.
------------------------------------------------------------------------------------------

zhad96 :
Түсінбедім Еске қазырғы адамдар жағымпаздығын тастап бәрі көкбөріге айналып кетті ме???
------------------------------------------------------------------------------------------

zidoku :
Жалпақшешей, жағымпаздықтың көкесі қазір шығар қайта!!! Абылайдың түсіндегі құрт-құмырсқа заманы осы деп атам марқұм зарлап отырушы еді...
------------------------------------------------------------------------------------------

19782602 :
1955! Мен Сізді түсінбедім, біресе *Әй, мадалец, мен сені жақсы ақын ба десем, тамаша әңгіме жазатын да өнерің бар екен ғой* дейсіз, енді бірде *Проза сенің бағыңды ашпайды, неге аяқ астынан әңгіме жаза қалдың* деп өзеурейсіз. Бір сөзді болу керек қой...
Сонымен қайсысы менің бағымды ашады, а, 1955?
------------------------------------------------------------------------------------------

1955 :
Расымды айтсам бұл әңгімеңіз өте жақсы екен. Әңгімеңіздегі ауыл дәп біздің ауыл сияқты. Ал анау менің сын айтқан әңгімем нашар. Өте нашар. Сол әңгімеңді оқып түңілген едім сенің прозашылдығыңнан.
------------------------------------------------------------------------------------------

19782602 :
Рахмет, 1955! Сенен жақсы сыншы шығады!
------------------------------------------------------------------------------------------

Pernebai :
сәлем сіздің әңгімеңізді оқып шығып дулт исабековтың ізін көргендей болдым. Өте тамаша.
------------------------------------------------------------------------------------------

Arman91 :
Сәлем? Әкімге бапкер қатындардың балаларына неге банан үлестірткіздіңіз?
------------------------------------------------------------------------------------------

hojan5 :
салем,аселзат қарендас,алғаШ ҚЕ ТЕРНАҚ АЛДЕ ШЕГАРМАҢ АДАМДЕ ҚҰАНТАДЕ ЕКЕН.ЖАҚСЕ-ЖАҚСЕ ОйҚОЗГАПСЕҢ.АҢГІМЕЛЕРІҢНІҢ ІШІНДЕГІ АКІМНІҢ БАЛАСЕНА АТ ҚОйУ,ТАМАША ЖАЗЕЛЕПТЕ,ҰУТЕТІНІ ҚАЗІРГІ ҚОГАМДАҒЕ БАРЕНША АУА ЖАйЕЛҒАН ,АСҚЕҢҒАН ҚОҒАМДЕҚ ДЕРТТІ_ЖАҒЕМПАЗДЕҚТЕ ЖЕРІНЕ-ЖЕТЕ АШКЕРЕЛЕГЕНСІҢ,МҰНЕҢ ОЗІ АҢГІМЕ ЖАНЕРЕНЕҢ ДЕРКЕЗІНДЕ ҚОЛМА-ҚОЛ ЖАЗЕЛАТЕН ,ШАҒЕН БОЛУДАй ТАЛАБЕНАН ШЕҒА АЛҒАН.ДЕСЕДЕ КЕйІПКЕРДІ СОМДАУ,ОБЕРАЗЕН ЖАН-ЖАҚТЕЛЕ АШЕУ ЖАҒЕНАН,КЕУІПКЕРДІҢ ДЕТАЛДЕҚ СҰРЕТІ АРҚЕЛЕ БОГЕНАЫЕН КОРСЕТУ ЖАҒЕНАН АЛСІЗДІК КОРСЕТІП АЛҒАНСЕҢ,КОШ ЖҰРЕ ТҰЗЕЛЕДІ ДЕМЕКШІ ОНЕҢ ТҰЗЕЛЕРІНЕ СЕНІМІМІЗ КАМІЛ,АЛДАҒЕ ШЕҒАРМАШЕЛЕҚ ҚАДАМЕҢА САТ!
------------------------------------------------------------------------------------------

Пікір жазу үшін тіркелуіңіз керек!
Автордың басқа туындылары

 Соңғы әңгімелер

 Ең соңғы пікір жазылған әңгімелер