Жазған уақыты: 2010-01-15 17:08:00
Үліңгір үнсіз ағады
Жйегі жасыл атылас жайдақ арнада үліңгір өзені жылысып ,жымысқалана баяу сырғыйды.алайда бұрынғы жағаны соққан арыны ат ағызар екпін жоқ. Кей мүйстерде баяу ирім жасай аударылып төңкеріліп шала жансар айдағардай бүктетіліп жазылады.сол үліңгірдің жағасында арқамды жасыл талға сүйеп айдында асыр салған алтайдың ақ шабақтарын қармағыма іліндіре алмай мен отырмын.күміс бауырларын жалтылдата ,өткір қанаттарымен айдынды тілгілей ақ шабақтар асыр салады.өзіне ажал тұзағын басқызатын ақ қармақты қызық көргендей үймелейді ,түртеді...әне ,аламыш қылыш қанаттарын жарқылдата қаһарман ала бұғалар тобы келді,жаңа ғана асыр салып ойнап жүрген ақ шабақтар тұс -тұсқа бытырай қашты.ала бұғлардың ішінен оза шыққан мелжемді біреуі бұраңдап келіп оқыс секіре қармақты жұлқа тартты.сол кезде менде бәр дәрменімен құлаштай лақтырдым.судан айырылған долы алабұға жан дәрменімен тықыршық ата ,денесімен жер сабалай тулайтын .алайда сол аз уақыттық арпалыстан кейін ақ желбезегі дірілдей ,өксіп жылаған жас сәбидей бүйрі бүлкілдеп сосын сұлық қалады.
Бұлттсыз ашық аспанға ілінген алып от шар күреңіте қызарып оспан қара шоқысының иығына асылғанда барыып күннің кешіккенін біліп ауылға беттедім.жәрім күн жар жағасында отырып үліңгірге телміргенде ұстағаным екі үш алабұға,төрт аққайран.мен аулаған балығымды алып үйге келгенде көрші Ережеп атай кішкентай немере қызы назыммен бірге біздің үйде отыр екен.назым Қасыма кеіп.
- ерік аға, мына балықтар өліп қалыпты ғой ,неге өлтіресіз?- деді даусы дірілдеп,көзі бақырая.даусында жазықсыз жан тәсілім болған су еркелерне деген аяушылық бар
-Ой жаратқан алла ай,бәрі азып бара жатыр екен ғой.-деді ережеп атай күсіне- ыңғай шабақтар қалыптығой,мына үліңгір кезінде асау шортандармен ақ сазандарға ғана мекен болған,балығы тайдай тулаған,бақасы қойдай шулаған арыны ат ағызар арналы өзен еді ғой.киесінен айналайын үліңгір,жау жағадан алған сонау жылдарда да ел үшін еңіреген ерлермен бірге қуа келген жауға тосқауыл болып едіңғой.
ережеп ата әңгімесін арыдан бастады.
*** *** ***
1941-Жылдың көктемі.алтай қазақтарының қытайға қарсы алғаш оқ атып, ұлт азаттық көтерілістің басталған кезі.көтеріліске басында елдің бәрі атсалсудан тайсақтап ,тек оспан ,сәйіп бастаған батырлар өздеріне қосылған бір қауым елмен бірге қыста құбының құмына қыстап ,қар ери бастағанда қотарыла жайлауға тартқан.көтерілсті жаныштауға шыққан қытай жазалаушы армясы жазда тауға бекінген қазақтарды тынштандырамын деп ауыр шығынмен айта қайтқан.ал қыс түсе құбының құмына баталған елге алтайдың сары шұнақ аязынан қорыққан қытайдың ши аяқ шеріктері соғыс аша алмаған.енді күн жылынып ,жер жібігенде қытай жазалаушы армясына да жан кіріп,құбыдан қайтқан қзақ көшін үліңгір өзенінен өткізбей басып қалмаққа ұмтылып,үрімжіден бір полк әскермен қуа ұмтылып көш соңынан оларда ат басын үліңгірге тіреген еді.
Оспан батыр қол астындағы жігіттерді үш топқа бөліп бір тобын көктемгі қар суымен тасып,алып айдағардай жөңкіліп жатқан үліңгір өзенінің өздеріне таныс өткелдерінен тездетіп өткізуге бұйырып,қалған екі топты бастап қуа келген жауды тосқауылдай соққы беруге аттанды.
Қызыл қырғын атыс .қару жарағының басымдығына арқа сүйеген қытай жағы автоматпен ,пулеметпен оқ боратып шыдастық берер емес.қазақтар жағынан санап атылған азғана мергендердің оғымен жер құшқан сұр бөрте шеріктердің өлігін артқа тастап,алға өңмеңдейді.бар мақсаты үдіре көшкен елді өзеннен өткізбей басып қалу.егерде осы жолы айырылып қалса,өзеннен өтіп тау етегіне іліккен қазақтарды жеңуден аспандағы бұлт жуық екені өздеріне аян .сол үшін барін сала алға ұмтлуда.оспан сарбаздармен ақылдаса келіп қиын шешімге келді.бағанадан құр қара көрсетіп еріп жүген жүзге тарта мықты жігттерді сойыл,шоқпармен қаруландырып жаудың арт жағынан тұтқиылдан ат қойып ойран салуға сайыпты жіберді де өзі өңмеңдеген жау назарын өзіне аудару үшін мерген жігттермен шабулға өтпек.
Көп өтпей жаудың арт жағынан:- абылай! Абылай!
-Жанібек! Жанібек!- деген айбынды ұранмен бірге сайлауыт жігіттер жау тобына тұтқилдан лап қойды.тосқауылда жатқан оспандарға бәр назарын аударған жау әскері қапелімде арт жағынан тиген атты қазақтардың қоян қолтыққа келіп қалғанын көргенде қатты сасқалақтап қалды.бұрқыраған қою шаң арасына кімге оқ атарын білмей сасқалақтаған шеріктерді ат кеудесімен соқтыра ,балталап , сойылдап тоз-тозын шығарды.командир бұйырық беріп, есін жиып болганша құйындай соғып өте шықты. Жау ес жиып, етек жеңін жыйғанша қалың ел де өзеннен өтіп қызыл қабақтан асты.оспан батыр атыса отырып шегініп өзеннен өтті де,өткел аузына тосқауыл қойды.қазақтардың тұтқиыл шегінгенін қаштыға балаған қытайлар өзенге лап қойды.өткелсіз жерден өзенге лап қойған қытай салдаттары қарсы жағаға келгенде қабақтан шыға алмай,өзен айдынында қаздай қалықып,сең соғып аударылып жатты.
-Я,арналы асау үліңгір ,сол ат ауздығмен су ішкен ,ер етігімен қан кешкен кездерде өз жерінде қуғын көріп соққы жеген қара қазаққа пана ,қорған, жауға тосқауыл болып едің .бұл күндері сонда қан кешкен арыстардың бәрі ол дүниеге сапар шекті .ал бізге сол ерлердің ерлігіне куа мынау үліңгір даласы ,анау биік шоқылар.мына аялы үліңгір өзені ғана қалды.
Үліңгір үліңгір болғалы қазақтың қайсы қанды тарихына куа болмады.бұл өзеннен керейдің айгелі ханы тұғырыл,шыңғыс ханмен отыз жыл тіескен найманның елі үшін еңіреген шерлі ханзадасы күшілік, басқада қазақтың қаншама баһадүр ұлдары ат суармады,сол арманына жетпей кеткен есіл ерлердің ең соңғысы оспан шығар.енді қазақ ұлдары елмен жері үшін ереуіл атқа ер сала алама!?ереуіл атқа ер салып туған жеріндегі есіліп аққан арналы үліңгірден тұлпарын суара алама?
Еежеп ақсақал басын шайқай немере қызының маңдайынан сипай,терезеден оспан қара шоқысына телміріп ұзақ отаырды.көзі жасауыраңқы,ол алдында отырған кішкентай немре қызының жат қолындағы белгісіз ,бұлыңғыр болашағына көз жеткізе алмай отырған сыяты..
*** *** ***
бұл кез менің баяғы жалаңаяқ балық аулайтын бала кезім емес, алысқа ұшуға жараған кезім.біздің үйдің ауласы ауыл адамдарына лық толы,ақсақалды аналар, ақ жаулықты аналар,гүлдей құлпырып сылаң қаққан жеңгелер.бәрі жиылып мені алматыға оқуға аттандырмақшы.алысқа кеткен ауылдың әр бәр баласын осылай аттандырып қарсы алу бұл ауылдың жазылмаған заңы. Бәрі ағынан жарылып ақ жол тілеуде.маря әже де келді ақсаңдай басып,мейірімді әже кәрі көзінен домалаған жас тамшыларын кимешегінің шалғайымен сүрте:- балам басқа елге,басқа жерге бара жатырсың,бір өзіңнің ғана емес кешегі сендер үшін күресіп ,арманда кеткен бабаларыңның да арманын арқалап бара жатырсың.туған жеріңде бабаң жете алмаған бостандыққа сен жетіп ,тәуелсіз қазақ елінде сен өмір сүресің.бұғанда шүкір.ережеп атаң болса өзі шығарып салар еді,бырақ алла оған жазбапты,аманшылық болса қарындасыңда барар артыңнан.аулдастарымның арасында анамда жүр,көзжасы сел,ержетсе де әлі бала сезілетін тентек ұлын қыймаытын сыяқты.
Авто бекетте менің бала кезден бірге өскен бала күнімнің достарымен бірге автобус күтіп тұрмын,олардың бәрі қара көңіл, бәрі жабырқаңғы.автобус жүруге сигнал берді,бәрімен қоштасып автобусқа отырдым.отырып жатып тағы да терезеге қарадым,әне , ол жүгіріп жетті.үлгірді әйтеу,қатты жүгіргеннен екі беті алаулап ,ақшыл жүзіне қызыл рең жүгіріпті.көзі ісіңкі ,жылаған сыяақты.келе менің тұсымдағы терезені ашты.-әрең жеттім ғой-деді ол зорлана күлімсіреп:-көзіңді жұмшы ,қалтаңа бір нәрсе салайын.
көзімді жұмғанша епті қолымен қалтама бірдеңені салып үлгірді.автобус қозғалды .ол артқа шегіне қолын бұлғды.енді өңінде қызыл рең жоқ ,бозарып көрінді..
*** *** ***.
Уа туған жер ,сенің жасыл желек жамылған қойнауыңда перідей көшіп жүрген менің туған елімдей салтанатты ел барма екен жер бетінде.сенің жасыл шыңдарыңды ат тұяғымен илеген,қас жауына басын имеген ,кіндік қаны тамған жерін қасық қаны қалғанша қорғап ақыр соңында сол мекеннен мәңгілік мекен тапқан менің бабаларымдай бақытты жандар барма екен.ал сол ерліктің жалғасы бола алмаған ,тұлпардың тұяғы,сұңқардың қыяғы дер біздің жүрегімізде сол бабалар ерлігінің ұшқыны барма екен.егер бар болса жетпіс жеті атасының басы қалған ата мекенін қараптан қарап тұрып,жат қолына тастап,жер аударып сергелдең ғұмыр кешерме еді.
сыртта желтоқсанның қытымыр аязымен бірге ақ жауын сіркіреп тұр.міне бұл алатау тәбиғаты.ал туған жерім алтайшы,ақ қар көк мұз жамылып қаһарына мініп тұрған болар алтай алтай болғалы өз заңыынан жаңылмаған шығар,
Аядай жатақта шексіз қыял әлемін кеземін.жүрегімде сағыныш,көңілімде мұң бар,алтайдан аттанар күнгі назым берген кестелі шытқа қараймын,жақында ғана келген хатын қайта қайта оқыймын...
Ерік аға,сенімен қоштасу мен үшін қаншалықты қыйын болғанын білесіңбе.енді екеуіміз бірге баратын мектепке мен жалғыз барамын.жалғыз қайтамын.қыс күндері ...алтайдың қысы қандай қаһарлы,қазыр ашық тұрып ақ ілезімде ақ түтек боран соғар еді,өз құшағына алып ықтырғысы,бұқтырғысы келеді.сондай кездерде сен мені қамқорыңа алып ағалық мейріңмен қақаған қыста жаныма алтайдың шуақты күндерін сыйлайтынсың,бырақ,қазыр қасымда сен жоқсың.адамдар өмірде неге қыймастарынан айырлуға мәжүбір болды екен.ерік,мына шытты өзіңе арнап кестеледім,саған,бәлкім, ,ұнамас.бырақ кейін мұнанда әдемісін кестелеп беремін.мен сенің артыңнан ол жаққа бара алмаспын.оны өзің білесің.қарт әже.мүмкін,әкем тірі болғанда тағдырым басқаша болар ма еді,кім біледі.бырақ тағдыр деген осы шығар. алыстап кетсеңде арда алтайды ,ана үліңгірді ұмытпағайсын.ерік өзің балық аулап бала табаныңмен қытықтайтын үліңгір бойын,арналы үліңгірді сағынан боларсың. Ал қазыр үліңгірші,олда мұңайыңқы,бұрыңғыдай алып айдағардай бұратыла сусып арнасында толықсый ақпайды.кең арнаның шетін ақырын сүйе үнсіз жылжыйды.ішкі қытайдан келген ақпа қытайлар жоғарғы арнадан әлде неше жерден тоған алып,өзенді бөліп жарып әкеткен.ағаштарды кесіп ,тусып тұрған үліңгір тәбиғатының сәнін кетірген.бір кездері үліңгір айдынында асыр салған ақ шабақтар мен алабұғалар енді құмырсқадай қаптаған жат жұрттықтардың қармағының жемі болып жоғалған...
хаттың соңына жетпей жүйрік қыял алтайға алып ұшты.санама өткен күннің елестері қайта жаңғыруда.шіркін туған жердің тәбйғаты ,оқып бола алмаған сырлы да жырлы кітап еді ғой.сол бір бала балықшы кезімде балықтр дүниесіен ,олардың өткен тағдырмен тұңғыш танысқам.
Балықтарда ел болған дейтін әкем йрім жасай бұратыла аққан үліңгірдің бұралаң ағынына қоңырқай қой көзін алмаған қалпы әңгімесін бастайтын.жанарынан әлде бір аяушылық сәулелері су бетіне шашырап жатқандай сезілетін.
Балықтарда бұрын ел болған! –дейтін әкем ирім жасай бұйратыла,бұрала аққан ерітістің бұраң ағынынан қоңырқай қой көзін алмаған қалпы әңгімесін бастайтын,ол кісі осы аңызды айтқанда жанарынан әлдебір аяушылық,мейірім сәулелері су бетіне шашырап жатқандай сезілетін...
Балықтарда бұрын ел болған!-деп даусын соза жане бір қайталайтын да әңгімесін бастайтын...
Көк бұйра адырлы,көгарай шалғынды,жаз жанды жаннат далада жайімен тірлік етіп жатқан балық елінің қасйетті ханы қайтыс болып,хандық тахқа тах мұрагері екі ұлының бірі отыруы тиіс болды.Балық елі сан ғасыдан бері осы ата мекенінде қарт басшының ақылы мен айласының,білегімен жүрегінің арқасында бейбіт,бай-бақытты өмір сүріп жатқан еді.міне сол халықтың қормал басшысы егей хан мәңгілік сапарға аттанып артындағы халықты қайғыға батырды.
Батырдың туған мекені-балық елі даласыда ерен ұлына қайғырғандай мұнар жамылып,мұңға батып,қаражал бұлттарда жер бауырлай асқар тауларды құша еңірей,дүниеге екі келмес егей ұлын жоқтағандай көз жасын төгіп ,жасыл даланы жасымен айғыздап жатты.батыр ұлын бүкіл тәбиғат жоқтағандай күңірене күйзеле теңселіп тұрды...
Балық елінің ақсақадары сақалдарынан жас сорғалай таяғына сүйене аза білдірді,ақ басты аналалары ақ шылауыштарын ақ бұлттардай жайып,ақ сүтін аспанға сауып қамқор ұлын арасынан әкеткен тәңіріне наразы бола күңіренді..
Осындай қайғылы сәтте батырдан қалған жетесіз екі ұл тахқа таласудың дайындығымен өз алдына қол жыйнап,күш топтап бірінің қанын бірі шашуға,елмен жерді соғыс өртіне орауға асығып ,баба өсиетін,ел тағдырын сырып қойып,жанталаса қара басының атақ мартебесі,арам мақсатының бйігіне шығу үшін әзірленіп жатты.мұның керісінше балық осы сұмдық алапат бұлтының үйіріліп келе жатқанын сезбді...
Ақыры ессіз екі ағайынды бар жасағымен бір біріне сұрапыл шабулға өтіп,адам өлігі таудай болып үйіліп,қызыл хан өзен болып ақты.қырқыс жеті тәулікке созылып,екі жақта түгеуге айналғанына қарамай тістесіп жатқанда,көптен бері тіс-тырнағын ішіне бүгіп келген,балық еліне кегі бар көрші тайпаның қалың қолы жайпап кетті.балық елінен тігерге тұяқ қалтырмай тамақтан ора бауыздап қырып кетті,бірде бір адам аман қалмады,бүкіл тайпа тах таласының құрбандығына айналып құрдымға кетті...
Кенет қалың елдің қазасына қабырғасы қайысқан құдіретті тәңір таудай-таудай бұлттарын үйіре жасынын ойнатып бейуаз елді қырған қалың жаудың төбесіне жай түсіріп ақ күлге айналдырып жіберді,іле-шала күркірей селдетіп кетті...
Сол селдеген жаңбыр селдеген жас ғасырға созылды.ғасыр бойы сіркіреген көз жастан бүкіл балық даласы шалқар теңізге айналды,балық даласының қансырап жатқан балық еліне құдіретті тәңірдің кйелі жаңбыры жан бітіріп,тірлікке талпынды...
енді су астында өз тіршілігін көріп,жандана бастады.сол сұрапыл қырғыннан тұқымы құрымай ұрпақ жалғап,сан мың түрге дамып бүгінге жетті. бырақ киелі жаңбыр да,тәңір аяушылғы да балық елін қасіреттен құтқара алған жоқ. сол бір дәуірдегі хандық құрған,салтанатты балық елі келмеске кетті,соныен бірге саналы салтынан,ана тілінен де айырлып,тілсіз мақұлыққа қазіргі балықтарға айналды..
әке айтқан аңыздан кейін үдіңгір бойын құрық алып балық аулауым азайды.айқұлақтрын дірідлете ,бұлқына тірлікті қыймай тулаған балықтарды көргенде есіме әке айтқан аңыз оралатын.рас ау осы мен осы нені аулап жүрмін деп қзіме үрейлене сұрақ қоятынмын.
Қайран туған жер ,толқынды үліңгір.сеннен айбатынан ай жасырынған арыстан жүректі бабаларым талай атын суарып,саған жаттың аяғын басқызбаған сан мың жылдық ерен тарихы сенің шым шым аққан арнаңа ,бұйра бұйра толқыныңа көміліп мәңгілкке кетерме.сол ерлерің ұрпағы мен кеттім аяңнан ,ал сенші,ортайсаңда сарқылмадың,бәр сырыңды да мұңыңды да ішіңе бүгіп үнсіз ағып жатырсың....
| Түзету | | Өшіру |
Кирилше Латынша
|