Кіру |

  Сайтқа кіру

Логин:
Кілт:
  еске сақта
Тіркелу | Жаңалықтарға тіркелу | Байланыс орнату | Транслитті қолдану |
 

 Онлайн мүшелер

Қазір сайтта онлайын: 35
Мүшелерден:
Жеке бұрышына бару үшін басыңыз Akon907
Жеке бұрышына бару үшін басыңыз Aikon
Жеке бұрышына бару үшін басыңыз lyazita
Жеке бұрышына бару үшін басыңыз fotograf
Жеке бұрышына бару үшін басыңыз ikram
Жеке бұрышына бару үшін басыңыз tleugazyermek
Қонақтар саны: 29

 Әзілдер


Бiр келiншек досына келiп мұңын шағып отыр:
– Күйеуiммен ұрсысып қалдым. Мен ашуланып үйден шығып кеткен кезде, тарс еткен дауыс естiлдi. Оған обал болды, қайғыдан атылып өлген сияқты.
– Қорықпа, менiң ойымша, ол қуаныштан шампан атқан шығар.
 
Барлық дауыс: 1, Орташа: 2
Жазған: daklai, уақыты: 2010-03-10
-------------------------------------------------------------------------

Әйелі:
– Отағасы, «Қалай 100-ге дейін өмір сүруге болады?» деген кітапша қайда кеткен?
– Отқа жағып жібердім.
– Неге?
– Оны өткенде сенің шешең «оқуға бере тұр» деп еді…
 
Барлық дауыс: 1, Орташа: 5
Жазған: daklai, уақыты: 2010-03-10
-------------------------------------------------------------------------

Бір еркек үйіне жаңа теледидар сатып алып келеді. Оның қорабына зер салып қараған әйелі:
– Мынаның сыртында рюмканың суреті бар екен. Ол нені білдіреді?
– Ол – «жуу керек» деген сөз.
 
Барлық дауыс: 0, Орташа: 0
Жазған: daklai, уақыты: 2010-03-10
-------------------------------------------------------------------------

Екі еркектің әңгімесінен:
– Кеше саған әйелің не үшін ашуланды?
– Кітапхана үшін.
– Кітап оқып жүрген сендей еркектен айналып кетейін! Қайта қуанбай ма?
– Бірақ мен онда кітапханашы қызбен ұсталып қалдым емес пе?
 
Барлық дауыс: 0, Орташа: 0
Жазған: daklai, уақыты: 2010-03-10
-------------------------------------------------------------------------
Ғарышкерге батырлықты... сонша күн арақ ішпегені және әйелдермен жүрмегені үшін береді.
 
Барлық дауыс: 0, Орташа: 0
Жазған: Dr.MC, уақыты: 2010-03-10
-------------------------------------------------------------------------

Ерлі-зайыптылардың әңгімесінен:
– Жаным, саған су жаңа көлік әперейін бе?
– Жоқ. Керек емес.
– Үлбіреген жаңа тон кигің келмей ме?
– Қажеті жоқ.
– Әлде Дубайға демалысқа барайық па?
–Айттым ғой керек емес деп.
– Сонда саған не керек?
– Ажырассақ, дұрыс болар еді.
– Басқа бірдеңе айтшы, ажырасу маған қымбатқа түседі.
 
Барлық дауыс: 1, Орташа: 5
Жазған: daklai, уақыты: 2010-03-10
-------------------------------------------------------------------------

– Әйеліңмен татуластың ба?
– Оның несін сұрайсың?
– Кеше екеуің аулаларыңда бірге отын кесіп жатыр едіңдер ғой.
– Жиһаз бөлісіп жатқан едік…
 
Барлық дауыс: 0, Орташа: 0
Жазған: daklai, уақыты: 2010-03-10
-------------------------------------------------------------------------
Маймылдан коммунист шығарған - еңбек.
 
Барлық дауыс: 0, Орташа: 0
Жазған: Dr.MC, уақыты: 2010-03-10
-------------------------------------------------------------------------

Таңғы мезгіл. Әйелі асүйде жұмыртқа пісіріп жатыр. Қасында күйеуі:– Байқа, байқа! Күйдіріп алма. Кішкене тағы май құйсаңшы. Өй, сонша жұмыртқаны кім жейді? Тұзын көрші, ащы болып кетпесін. Газдың астын бассаңшы, май шашырап жатыр ғой. Е, міне! Байқашы, асты жабысып қалмасын. Болсаңшы! Он сағат пісіресің бе?! Қашан дайын болады?
Бұған шыдамаған әйелі:
– Саған не болды сонша? Қарапайым жұмыртқаны да пісіре алмай тұр дейсің бе мені?
– Көрдің бе, мен футбол көріп отырғанда немесе көлік жүргізіп келе жатқанда сен де тура осылай мазамды аласың. Қалай екен, а?
 
Барлық дауыс: 0, Орташа: 0
Жазған: daklai, уақыты: 2010-03-10
-------------------------------------------------------------------------

Күйеуі жолсапардан келсе, үйінде бір еркек ұйқыны сойып жатыр екен. Ашуланған ол әйеліне:
– Мынауың кім тағы?
– Кім болушы еді? Маған тонды, саған көлікті кім сатып алып берді? Дубайға жолдама беріп, саяжайымызды жөндеп берген кім? Жұмысымыз бар, Құдайға шүкір, балалар да тоқ. Осының бәрі кімнің арқасы деп ойлайсың?
– Онда, тым болмаса, үстіне көрпе жауып қоймайсың ба, жаураған шығар байғұс…
 
Барлық дауыс: 0, Орташа: 0
Жазған: daklai, уақыты: 2010-03-10
-------------------------------------------------------------------------

Бір күні Арман армандаған қызына үйленіпті. Қызы әдемі, көрікті, кәлбетті жан екен. Достары қызығып, өздеріне жұғыстырып, біздіңде әйел осындай болсын-депті. Арман сенің арманың орындалып ендігі арманың қалмаған шығар?-деп сұраса.
-Ендігі арманым әйелім ақылды, әрі тамақ жасап үйренсе ғой-депті.
 
Барлық дауыс: 0, Орташа: 0
Жазған: daklai, уақыты: 2010-03-10
-------------------------------------------------------------------------

Танертен турып жаткан кемпир озинин киiмсiз,жаланаш турган келинин кореди. Нагып турсын деп сураса,бул менин куиеуиме арнап тиккен махаббат коилегим депти. Кешке уйiне келген шалы жаланаш турган кемпирине бул не деп сураса, кемпири: бул менин саган арнап тиккен махаббат коилегим депти.Сонда шалы ай,кемпир,коилегин адеми екен,тек оны утiктеудi умытып кетипсин деген екен.
 
Барлық дауыс: 0, Орташа: 0
Жазған: daklai, уақыты: 2010-03-10
-------------------------------------------------------------------------
Есімін білгеніңмен, оның телефон нөмірінде ойы жазылмайды.
* * *
Жігіт қортық қыздарға ғана бас иеді.

* * *
Еркектің жалғыздығы - ас бөлменің ластығы.

* * *
Әйеліңмен 7 наурызда ұрысып қалсаң, кө-ө-ө-өп ақшаны үнемдейсің.

* * *
Сен звондағанда ешкім жауап бермесе, үйдегілер жоқ екен деме, әлдебіреу трубканы көтермей тұр деп ойла.

* * *
Көршім үйленген қызды басқа жігіттер мақтап жүр.

* * *
Ішімдік ішкиімді де жыртқызады.

* * *
Еңкейе берсең, иіліп қаласың.

* * *
Қызды жақсы көрсең де, қызылды жақсы көрме. Себебі көшенің арғы бетіне өтеріңде, өмірдің арғы бетіне өткізіп жіберуі мүмкін.

* * *
Еденді ауыстырғың келмесе, үйдің төбесін жап.

* * *
Арақ ішудің екі тиімді сәті: қияр бар кезде және жоқ кезде.

* * *

Кейде адамның өмірін бір үтір (,) де шешеді. Мысалы: Атуға болмайды, босатуға! Атуға, болмайды босатуға!

* * *
Біздің көшеге де Камаз анашамен аударылар.

* * *
Мас еркектің аузында сау әйелдің ойындағысы тұрады.

* * *
Қызды қанша тойдырсаң да, ішкізбесең болмайды.

* * *
Түсіңде байып жүрсең, оянбай-ақ қой.

* * *
Дүниеде ең тез және оңай болатын нәрсе - әйел болу.
 
Барлық дауыс: 1, Орташа: 3
Жазған: Dr.MC, уақыты: 2010-03-10
-------------------------------------------------------------------------

Жігіттерде қатып қалған қағида бар: жеңілтек қызбен жүріп, салмақты қызға үйленеді. Осыны білген жеңілтек қыздар салмақ қосу үшін аяғы ауыр болып тұрмысқа шығып жатыр.
 
Барлық дауыс: 1, Орташа: 4
Жазған: daklai, уақыты: 2010-03-10
-------------------------------------------------------------------------
Бүгінде маймылдан жаралған адамдардың көлігі бар, топырақтан жаралған адамдардың түгі де жоқ.
* * *
Кешегі қаралы өмірің мен ертеңгі аппақ арманыңды араластырсаң, бүгінгі өмірің алабажақ боп шығады.
* * *
Жолың болмаса, қапаланба, үйрене бер, ендігі жолың болмағанға жаттығып қаласың.
* * *
«Ұтыссыз» лотереядан ұтыссыз кетесің.
* * *
Қыздарға ұсыныс: - Жігіттерді өздері шыққан жерге тығып жіберіңдер.
* * *
Тұрғанға тырмысатын, жатқанға жабысатын - еркек, тұрғанға табынатын, жатқанды жақтырмайтын - әйел.
* * *
Қиналмай өлгің келсе, «дәрігерге» бар.
* * *
Әркімнің ой-қабілеті айлығының мөлшеріндей.
* * *
Жұмысы үшін жаны ауыратындарды ауруханадан ізде.
* * *
Аяқ - қосылуынан ажырасуы көп мүше.
* * *
Аяқ - еркектерге жүруге, әйелдерге жүгіруге арналған.
* * *
Оқталған мылтықтың тесігіне қарама.
* * *
Қызметкер болсам да, «қызметіңізге» дайынмын.
* * *
Мен қыздардың ерні соңғы миллиметріне дейін жабылғанын жақсы көрем.
* * *
«Аузы қисық болса да, байдың ұлына ти».
 
Барлық дауыс: 0, Орташа: 0
Жазған: Dr.MC, уақыты: 2010-03-10
-------------------------------------------------------------------------

Түріктің әйгілі сериялы 1001 түн теле хикаясы басталған кезде,Қазақ қыздары Шехразатқа елікеп шаштарын бел-
деріне дейін өсіріп,помадаларын беттерінің 85 пайызына жағып,кірпіктерін 2 метрге дейін өсіріпті.Ертең тү-
ріктер "Фантомас" деген кино шығарса қыздардын кандай болатынын корер едік!!!
 
Барлық дауыс: 1, Орташа: 2
Жазған: daklai, уақыты: 2010-03-10
-------------------------------------------------------------------------
Бірде бір шал үйінде ерігіп отырып кемпіріне - әй, кемпір, баяғы жас кезімізді еске түсірейік. Мен жігіт болайын, сен қыз бол, кешке баяғы талдың түбінен кездесейік, келесің ғой дейді. Кемпірі жарайды деген соң, шал баяғы жас күндерінде түбінде кездесетін талдың қасына барып тұрған ғой. Содан әрі күтеді, бері күтеді, сағат кешкі 9 болған, кемпір жоқ, 10 болған, кемпір жоқ, 11 болған, кемпір жоқ. Сағат 12-лерде шал үйіне ашулы келіп кемпіріне - қайда жүрсің, келемін дегенің қайда, қанша күттім мен сені?! деп айқайды салған ғой. Кемпір дым саспай, мамам жібермей қалды деп майысып отыр дейді.
 
Барлық дауыс: 0, Орташа: 0
Жазған: daklai, уақыты: 2010-03-10
-------------------------------------------------------------------------

Баяғыда бір кемпір почтадан пенсиясын алғанда ылғи ведомостқа қол қойғанда О салады екен, себебі сауатсыз болған ғой. Почта қызметкерлері де оның домалағына әбден үйренген. Бірде кемпір тағы да пенсиясын алған, қолдың орнына + белгісін салыпты. Почта қызметкерлері - ау, апа, сіздің қолыңыз О қой десе, кемпір дым саспай - шал тауып алдым, күйеуге шықтым, фамилиямды өзгерттім деп қарап тұр дейді.
 
Барлық дауыс: 0, Орташа: 0
Жазған: daklai, уақыты: 2010-03-10
-------------------------------------------------------------------------

бір жігіт коңілдес айеліне {кір жуайық} деп құпялау арқылы жұмысын бітіреді екен. бір кұні баласен жіберіп:кіржуғышына кір жуып алсам бола ма екен? деп сұратаде.
айел:кіржуғыш бұзылып жатыр дейді.(балкім жағдайы келмесе керек)...бір жұмадан кеыйн аыел:енді келіп кірін жуып алсын деп қабар жібереді.сонда жігіт баласына:айтып бар,кірді қолыммен жуып алғам!!! дейді.
 
Барлық дауыс: 0, Орташа: 0
Жазған: daklai, уақыты: 2010-03-10
-------------------------------------------------------------------------
Бала кезімнен сондаймын... Бірдеңеге ұрынамын да жүремін! Кішкентай кезімде ұзын темірге қырау тұрыпты. Соны жалағым келіп кеткені... Жалай салып едім, тілім жабысты да қалды! Сондағы жылағаным-ай! Анам болмағанда, кешке дейін бүрсеңдеп, жабысып тұра берер ме едім?
 
Барлық дауыс: 0, Орташа: 0
Жазған: Dr.MC, уақыты: 2010-03-10
-------------------------------------------------------------------------

Күйеуі түнімен достарымен біраз сілтеп, уйіне таңертең келсе керек. Уйіне келсе әйелі қолында үлкен сағат алып алдынан шығыпты. Әйелі:
-Ей, сен кеше кеткеннен бүгін келіп тұрсың, білесің бе сен неше сағат кешіктің,-деп сағатын көсетіпті. Сонда күйеуі:
-Ей, қатын, сен тыңда, мына сағатың ештеңе емес, сенің енең атаңды күткен кезде алдынан сағат емес календарь алып шығатын.
 
Барлық дауыс: 0, Орташа: 0
Жазған: daklai, уақыты: 2010-03-10
-------------------------------------------------------------------------
Білмеймін, әйтеуір қызық құмармын... Білгім келіп, өліп тұрамын... Мектепте оқып жүргенде де, терезені таспен ұрғанда қалай сынады екен, сатыр-сұтыр ете қалатын шығар деп ойлап, ойымның ақыры жиналысқа түсуіммен аяқталатын. Қазір де оңып тұрғаным шамалы.
 
Барлық дауыс: 0, Орташа: 0
Жазған: Dr.MC, уақыты: 2010-03-10
-------------------------------------------------------------------------
Әне, көрдіңіз бе, бірдеңеге ұрынамын да жүремін...
Содан бір күні «қала әкімінің беті қалың... Қаншама жерді сыбайластарына сатып жіберді!» деген сыбысты естіп, көмекшісінің «Қайда барасыз?» деп артымнан жүгіргеніне қарамастан, әкімнің кабинетіне кіріп бардым.
- Келіңіз, отырыңыз, - деді әкім орнынан тұрып.
- Рақмет, отырмаймын.
- Шаруаңызды айтыңыз...
- Кешіріңіз, бетіңіз қалың ба, жұқа ма, соны білгім келді, - деп бетін ұстап, тартып көрдім. Шынында, қалың екен. Осы қылығым үшін қамалып кете жаздадым. Нағашым болмағанда..
 
Барлық дауыс: 0, Орташа: 0
Жазған: daklai, уақыты: 2010-03-10
-------------------------------------------------------------------------
Қазір де оңып тұрғаным шамалы. «Біздегі соттар әділетсіз» дегенді көп еститінмін. Қызық көріп, қалалық сотқа бардым. Ішіне кіргізбейді.
- Сотты көргім келеді! - деп даурықтым мен.
- Иә, тыңдап тұрмын, - деді біреу. Қарасам, басында қалпағы бар судья.
- Кешіріңіз, менің сотталғым келеді.
- Адам өлтіріп пе едіңіз?
- Бүрге, бит, сірке өлтіргенмін...
- Жоқ әлде, сыбайлас жемқорсыз ба?
- Таза адаммын. Жай, сотталып көрейінші деп едім... Сіздер жазықсыз жандардың да сотталып кетуіне себепкер болатын көрінесіздер.
- Ақымақ!
- Өзіңіз ақымақ!
- Кетіңіз бұл жерден!
- Сіз барып тұрған жексұрын адамсыз! Солқылдақ сотсыз! Ақшаның құлысыз! Судья ым қағып еді, күзетшілер қолыма кісен салып, қамап қойды. «Мемлекеттік қызметкерді балағаттағаным үшін» қылмыстық жауапкершілікке тартыла жаздап, мықты жерде істейтін нағашымның арқасында аман қалдым.
 
Барлық дауыс: 0, Орташа: 0
Жазған: Dr.MC, уақыты: 2010-03-10
-------------------------------------------------------------------------
Содан бір күні «қала әкімінің беті қалың... Қаншама жерді сыбайластарына сатып жіберді!» деген сыбысты естіп, көмекшісінің «Қайда барасыз?» деп артымнан жүгіргеніне қарамастан, әкімнің кабинетіне кіріп бардым.
- Келіңіз, отырыңыз, - деді әкім орнынан тұрып.
- Рақмет, отырмаймын.
- Шаруаңызды айтыңыз...
- Кешіріңіз, бетіңіз қалың ба, жұқа ма, соны білгім келді, - деп бетін ұстап, тартып көрдім. Шынында, қалың екен. Осы қылығым үшін қамалып кете жаздадым. Нағашым болмағанда..
 
Барлық дауыс: 0, Орташа: 0
Жазған: Dr.MC, уақыты: 2010-03-10
-------------------------------------------------------------------------
Бетке бар: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 келесі

 Ең көп әзіл жазғандар

  • yereke (317)
  • ALGoL (218)
  • Admin (112)
  • birzhan (103)
  • technosyndrom (62)
  • Нұрболат (61)
  • Tanimaisin (56)
  • Dr.MC (52)
  • AL-ASTER (51)
  • Jomi (43)
  • superchap83 (41)
  • urimji (40)
  • challenger (38)
  • Қосақ (30)
  • ormekxi (29)
  • manabay (28)
  • Zido (27)
  • shingis (25)
  • ako8790iha (25)
  • arlan665 (22)

 2009 жылғы бірінші жартысындағы ЕҢ:

 Көп әзіл тіркегендер

 Жоғары бағаланғандар

  1. urimji...40

  2. Jomi...39

  3. Dr.MC...35

  4. hazahpin...19

  5. birzhan...13

  6. Aiben...11

  7. askarik9...11

  8. AL-ASTER...10

  9. manabay...9

  10. erlan...9

  1. Д,Артаньян...3.8041

  2. Келінге еліктеу...3.7416

  3. Іш киім...3.7073

  4. тойға дейінгі жағдай...3.5924

  5. Үлкенді сыйлау....3.5527

  6. қазақстан...3.5361

  7. ертең сиыр жейды...3.5127

  8. былтырғы түскен жер...3.4531

  9. Миллион доллор ұтып алсаңыз не істейсіз?...3.4520

  10. қоян...3.4500